Date of publication: 28.06.2019 16:09
Date of changing: 22.11.2019 14:15

28 маусым барлық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің кәсіби мерекесі.

 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты кездесу өтті.

Салтанатты кездесуді Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Е.С. Ктанов кіріспе сөзбен ашты. Ол өз сөзінде  қазіргі заманды телевидение және радихабарлар, мерзімдік басылымдар, сондай-ақ ғаламтор арқылы алынатын ақпаратсыз елестету мүмкін емес екендігін, журналист мамандығы ерекше орын алатындығын, себебі солардың арқасында ақпараттар жедел және уақытылы еліміздің барлық тұрғындарына жеткізілетіндігін атап өтті.

Әрі қарай, Е. Ктанов айрықша ерекшеленген келесі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін атап өтіп, оларды ШҚО бойынша МКД басшысының мақтау қағазымен марапаттады:

  «Қазақстан» Республикалық телерадиокомпаниясы» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облыстық филиалы , "ALTAI" телеканалының редакторы Маципуло Анна Олеговна;

 «Қазақстан» Республикалық телерадиокомпаниясы» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облыстық филиалы,  "ALTAI" телеарнасының журналисі Ахметжанова Зауреш Болатовна;

«Рудный Алтай» газетінің экономика бөлімінің журналисі Ерик Абитов.

Салтанатты кештің соңында Е.С. Ктанов байланыс және ақпарат құралдарының барлық қызметкерлеріне жоғары кәсібилігі және өз істеріне шын берілгендіктері, сондай-ақ ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер органдарымен өзара тығыз байланыста болғандары үшін  өз алғысын білдірді.

Барлық қатысушыларды тағы да құттықтап, оларға бақыт және амандық, жаңа идеялар мен жобаларға шабыт, әріптестерінің, достары, оқырмандары мен тыңдаушыларының қадыр, құрметіне ие болуды тіледі.