
Жемқорлықпен және басқа да лауазымды құқық бұзушылықпен күрес әрқашан да өзекті мәселе болып табылады.
Жемқорлық қоғамның барлық салаларына: экономикаға, әлеуметтік салаға, саясатта аздыратын ықпал жасайды, ал оның жағымсыз әсері қоғамның ілгері дамуына кедергі жасап қана қоймай, экономикалық қауіпсіздік пен ұлттық мүддесіне іс жүзінде нақты қауіп төндіреді.
Қоғамда жемқорлыққа төзімсіз жағдай қалыптастыру қажет.
Жемқорлыққа қарсы әрекет пен қоғамда оның пайда болуына төзімсіз жағдай тудыру, мемлекеттің «Қазақстан 2030» стратегиясындағы басты бағыт болып табылады.
Қазақстан – ТМД ішіндегі жемқорлыққа қарсы заң қабылдаған және осы мәселе бойынша халықаралық конвенцияға қосылған алғашқы мемлекеттердің бірі.
Жемқорлықпен, оның тууына себеп болатын көріністері және шарттарымен күресу қазіргі уақытта әр мемлекеттің мемлекеттік органдарының жұмыстарының алға қойған бағыттарының бірі.
Әрине, мұндай күрес салмақты құрылымды қажет етеді, мысалы, кедендік заңнама және нарықтық екі түрлі түсінік пен «бітік орындар» шығаратын заңнамалық базаларын жетілдіру, қызметтік тұлғалар іскерлігін ішкі қадағалау. Бұл жұмыста маңызды көмекті азаматтардың өзідері көрсете алар еді. Азаматтардың заңды талаптарына заңсыз кедергі болатын қызметтік тұлғалар мен мемлекеттік ұйымдардың кез келген іс-әрекеті Қазақстан Республикасының бекітілген заңнамасымен қудаланады.
Риддер қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы