
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының әкімі аппараты ауданның
мемлекеттік қызметшілері арасында спорттық шаралар ұйымдастырды. Аудандық «Сайкан» спорттық модулінде волейбол, үстел теннисі, минифутбол, шахмат-шайба, тоғызқұмалақ ойындарынан жарыс ұйымдастырылды. Спорттық жарыста Зайсан ауданының барлық ауылдық округ мамандары, мемлекеттік орган мамандары, сонымен қатар ШҚО бойынша МКД «Майқапшағай» кеден бекетінің қызметкерлері қатысты.
Кеден бекетінің мамандары бір күн бойы қызметтік орындарын спорттық аумаққа ауыстырды. Аудандық жарыстың мерекелік ашылуы аудан әкімінің және ШҚО бойынша МКД «Майқапшағай» кеден бекеті басшылығының қатысуымен басталды. Тартысты дода кезінде кеден бекеті мамандары ел экономикасын қорғауда ғана емес, сонымен қатар спорт саласында да қабілетті екендігін дәлелдеді. Спорттық шара қорытындысы бойынша:
М.К.Рамазанов және Б.Р.Қоқанова үстел теннисінен 1-орын, Б.Х. Оспанов -3 орын
Минифутболдан- 2 орын
Волейболдан-3 орын
Қ.М.Жақсылықов пен Ж.Б.Байгозина-шахматтан 1-орын
Солтанов Б.К.- тоғыз құмалақ ойынынан 1-орынды иеленді.
Ойынның қорытынды есебі бойынша «Майқапшағай» кеден бекетінің командасы 1- орынды иеленді.
Кеден бекетінің қызметкерлері жас ерекшеліктеріне, лауазымдық айырмашылыққа қарамастан, спортпен «дос» екендіктерін, салауатты өмір салтын ұстайтындықтарын көрсете білді. Жеңімпаздар құнды сыйлықтармен, мақтау қағазымен марапатталды.