Date of publication: 25.06.2019 15:57
Date of changing: 22.11.2019 14:13

 

Салық төлеушілердің назарына!

 

 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды, екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар корреспонденттік шоттарды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақыларды, алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) алуға арналған банктік шоттарды, сондай-ақ "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттарды қоспағанда, мыналарға:

әрекет етпейтін деп танылған салық төлеушіге;

осы екінші деңгейдегі банкте ашылған, салық органдары инкассалық өкімдер немесе салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер шығарған банк шоты бар салық төлеушіге;

салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушіге банктік шоттар ашудан бас тартуға міндетті.

Салық төлеуші өтініш жасаған күні берешек сомасын төлеген кезде, банк салық төлеушіге банктік шот ашуға құқылы.

 

Түсіндіру жұмысы басқармасы