Date of publication: 25.06.2019 09:41
Date of changing: 22.11.2019 14:13

 

 Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, Семей қаласының Полиция басқармасы және Шығыс Қазақстан облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының мамандарымен бірлесіп, 2017, 2018 жылдары жеке тұлғалардың көлік салығынан туындаған берешек сомаларды өндіру мақсатында 2019 жылдың 19, 20-ыншы маусымында бірлескен шараларды жүзеге асырды.

«Салық және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық Кодексінің 490-494 баптарына сәйкес, жеке тұлғалар ағымдағы жылдың 31-інші желтоқсанынан кешіктірмей көлік құралдарына арналған салығын төлеуі тиісті. 

Бугінгі күнге көлік құралы бойынша берешек сома 20352 салық төлеуші бойынша 321 613,0 мың теңгені құрайды.  Оның ішінде: негізгі төлем 288149, 0 мың теңге болса, өсімпұл 33 464,0 мың теңгені құрап отыр.

Мемлекеттік кірістер басқармасы мамандары тарапынан «ТВК-6», «Қазақстан Семей» телеарналарында берілген репортажда іс-шаралардың жүргізілу мақсаты қысқаша баяндалды. Шараларды жүргізу барысында жеке тұлғалардың қолдарына салық берешегін өтеу туралы хабарлама  берілді.

Бюджетіміздің кіріс бөлігін толықтыру мақсатында жасалынып жатқан іс-шаралар Семей қаласының мемлекеттік кірістер басқармасы мамандарының тарапынан жылдың соңына дейін жүргізілетін болады.

Семей қаласының салық төлеушілермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жеке тұлғалардың берешек сомаларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті сайтында kgd.gov.kz көруге болатындығын хабардар етілді.