2015 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасының Президентінің Үкімімен 2015 жылғы желтоқсаннанда Дүниежүзілік сауда ұйымына (бұдан әрі - ДСҰ) біздің мемлекетіміз енгізу туралы Хаттамасы бекітілді, Қазақстан осы ұйымның толық құқылы мүшесі болды.
ДСҰ-ға Қазақстанның енуінің негізгі бағыты Еуразиялық экономикалық одақтың Біріңғай кеден тарифы аясында қолданылатын енгізілетін кедендік баждар мөлшерлемесіназайту болып табылады.
Еуразиялық экономикалық коммисия Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы №59 Шешімімен ДСҰ-ға ену шарттары ретінде қабылданатын міндеттемелерге сәйкес ЕЭО БКТ баждар мөлшерлемесіне салыстырғанда төмен енгізілетін кедендік баждарды қолданылады, осыған қатысты тауарлар Тізілімі бекітілген.
Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттердің басшылары деңгейінде 2015 жылғы 16 қазанда Бурабай қ., ЕЭО кедендік аумағына тауарларды енгізу және қолданудың кейбір сұрақтары туралы Хаттамасына қоло қойылды, ол 2016 жылғы 16 қаңтарда күшіне енді.
Хаттаманың 3 бабының 4 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы ЕЭО қатысушы басқа мемлекеттердің, сонымен бірге Ресей Федерациясының аумағына алыну Тізілімінду бар тауарларды шығаруға жол бермеу міндеттемесін өзіне алды.
Осыған байланысты, ДСҰ аясында Қазақстанмен қабылданған міндеттемелерді орындауда, ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы №15 бұйрығымен көрсетілген тауарларды ЕЭО қатысушы мемлекеттеріне шығаруға жол бермеу бойынша кеден, салық саласындағы және ШҚО бойынша МКД құрамына енетін экономикалық тергеулер қызметінің қызметкерлер санынан жедел топ құрылды.
Ресей Федерациясының шекаралас аудандарында ШҚО бойынша ІІД құрылымдық бөлімшелерімен бірге жедел топтар автокөлік өұралдары және тауарға ілеспе құжаттарын тексеруді жүзеге асырады.
Жедел топтың мүшелері кеудешелер, көлік құралдары және «ШҚО бойынша МКД жедел тобы» жазуымен мемлекеттік кірістер органының айырым белгілерімен жабдықталған.
ШҚО бойынша МКД