Date of publication: 21.06.2019 15:46
Date of changing: 22.11.2019 14:13

Шығыста тағды да жеңімпаз!

 

                Шығыс Қазақстан облысында «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясының кезекті жеңімпазы.

         Семей қаласының тұрғыны Багила Жумановна iPhone 7 иегері болды.

                Жеңімпазға сыйлықты 21 маусымда ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ержан Ктанов және «Қазақтелеком» АҚ КБД маркетингі департаментінің жетекші талдаушысы Никкель Татьяна және ШҚО кәсіпкерлер палатасының өкілі Денис Жабин табыстады.

Бірінші мамырдан 8 тамызға дейін «100 күн ішінде 100 смартфон!» ұранымен «ШЫҒЫС – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ»  жобасының негізінде акция жүргізіліп жатыр. Осы уақыт ішінде Республиканың тұрғындарына 51 смартфон берілді.

Акция кезінде елдің әрбір тұрғыны кез келген затты сатып алу немесе ақылы қызметті қолдану кезінде смартфон ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Тек тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төленген сомаға берілетін чектерді сауда жасаған күні  «Таңдау» мобильдік қосымшасында тіркесе болды.

Акцияға тек деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардың (Онлайн БКМ) чектері қатысады.  

 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

Түсіндіру жұмыстар басқармасы