Date of publication: 21.06.2019 15:15
Date of changing: 22.11.2019 14:13

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі мен сыбайлас-жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау туралы» атты тақырыпта Шығыс Қазақстан облысы  бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Шемонаиха, Бородулиха аудандары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларындағы  жиналыс

 

       2019 жылдың  19-20 маусым күндері Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі-Департамент) Шемонаиха, Бородулиха аудандары бойынша  мемлекеттік кірістер басқармаларында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (бұдан әрі-Әдеп кодексі) мен сыбайлас-жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау туралы» атты тақырыпта  шығарылған жиналыс өткізілді.

Жиналыста Департаменттің Адам ресурстар басқармасы қызметтік тергеу бөлімінің басшысы Ж.К. Шамшина баяндама жасады.

Өз баяндамасында ол Әдеп кодексімен мемлекеттік қызметкерлердің мінез-құлқына, өз функционалды міндеттерін дұрыс, анық, уақытылы орындауына жоғары талап ғана қоймай, сонымен қатар, мемлекетік қызметкерлердің сырт келбетіне де жоғары талап бар екенін айтып, және де  мемлекеттік қызметкерлер арасында тұлға аралық қатынастарды, басшы мен бағыныстағы қатынастарды реттейтінін көрсетті. 

      Әдеп кодексінің талаптардың бірі:

      - өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға;

      - өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеуге тиіс.

Осыған байланысты ШҚО бойынша МКД-ның Әдеп жөніндегі уәкілмен ШҚО бойынша МКД мемлекеттік қызметкерлердің жағынан әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауын Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті жүйесінің негізінде мониторингі тоқсан сайын жүргізіледі.

ШҚО бойынша МКД мемлекеттік қызметкерлердің жағынан Әдеп кодексінің бұзылған фактілері туралы айтып берді. Шемонаиха, Бородулиха аудандары бойынша МКБ жүргізілген сауалнама қорытынсын айтты.

Сондай-ақ лауазымды тұлғаларға қызметтік қажеттілік бойынша тұрақты жұмыс орнынан тыс жерлерге іс-сапарлардағы және өзге де сапарлардағы мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы туралы жадынама түсіндірілді және "парасаттылық декларациясы"таныстырылды.

      Жасалған сыбайлас-жемқорлық фактілер туралы статистикалық мәліметтер көрсетілді. Жиналыс барысында елдің басқа аймақтарында мемлекеттік кірістер органдардың лауазымды қызметкерлерді ұстау фактілері туралы баяндады. Мемлекеттік кірістер органдардың лауазымды қызметкерлердің және жұмыскерлердің жағынан сыбайлас-жемқорлық құқықбұзушылық жасау фактілерін алдын-алу туралы ШҚО бойынша МКД жүргізілген жұмысын көрсетті.

Жиналыстың соңында қойылған сұрақтарға толықтай жауап берілді.

Жиналыстың қорытындысы бойынша ШҚО бойынша МКД Адам ресурстары басқармасы қызметтік тергеу бөлімінің басшысы Ж.К. Шамшина  ШҚО бойынша МКД барлық мемлекеттік қызметкерлерден Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексін және басқа да күнделікті жұмыста қолданатын нормативтік-құқық актілерін сақтауын талап етті.

Қатысқандарға алғысын айтып, жұмыста сәттілік тіледі.   

                

Шығыс Қазақстан облысы

бойынша Мемлекеттік кірістер

департаментінің қызметтік тергеу

бөлімі