
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі-Департамент) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережесіне (бұдан әрі-Ереже) және Департаменттің 2017 жылдың 02 қазандағы №567-лс бұйрығына сәйкес Әдеп жөніндегі уәкіл функцияларын Департаменттің Адам ресурстары басқармасы қызметтік тергеу бөлімінің басшысы Жанар Кабдыкадыровна Шамшинаға жүктелген.
Осы ережесінің 9 тармағына сәйкес Әдеп жөніндегі уәкіл өзінің функцияларына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды олардың өтініші бойынша немесе баршаға көрінетіндей жерде орналастырылған кестеге сәйкес айына кемінде бір рет қабылдауды жүзеге асырады.
Осыған байланысты, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды қызметкерлерімен әдеп нормаларын бұзған жағдайда Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкіл Ж.К. Шамшинаға жүгінуіңізге болады. Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкіл Ж.К. Шамшина мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды әр айдың ақырғы жұма күнінде сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін қабылдауыды жүргізетіндігі туралы Сіздердің назарынызға аударамыз. Қабылдайтын мекен-жайы: Өскемен қаласы Пермитин көшесі, 27 үй, 216 кабинет немесе жұмыс уақытында телефон арқылы 8/7232/70-10-54.