Date of publication: 11.06.2019 16:16
Date of changing: 22.11.2019 13:59

Бірыңғай жиынтық төлемдер

 

Дара кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:

      1) бірыңғай жиынтық төлемді төлеген;

      2) жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

      3) қызметтерді салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана көрсететін және (немесе) акцизделетін өнімдерді қоспағанда, жеке қосалқы шаруашылықтың өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнiмiн салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер деп танылады.

Бiрыңғай жиынтық төлемді (әрі қарай - БЖТ) төлеушінің қызмет түрлерін жүзеге асыру нәтижесінде алатын кірісінің күнтiзбелiк жылдағы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1175 еселенген мөлшерінен, (2 966 875 тенге мөлшерінен) аспауы тиiс.  БЖТ төлеушілердің табыс мөлшері айына 247 239,58 тенгеден аспауы керек.

      Жеке тұлғалар бірыңғай жиынтық төлемді төлеу жүргізілген күннен бастап мұндай төлемді төлеу жүргізілген айдың соңғы күніне дейін бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер деп танылады.

Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдердің төленуге жататын сомалары бірыңғай жиынтық төлемге қосылады.

Бір айдағы бірыңғай жиынтық төлем сомасы республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада – айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшерін және басқа елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшерін құрайды.

     БЖТ мөлшері:

— 1 АЕК (2525 тенге мөлшерінде) — республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада;

— 0,5 АЕК (1262,50 тенге мөлшерінде)  – басқа елді мекендерде.

Республикалық және облыстық маңызы бар қалалар, астана үшін:

— ЖТС (бюджетке 10%, яғни сомасы 252,50 тенге);

— әлеуметтік аударымдар  (МӘСҚ  20%   , яғни сомасы 505 тенге);

— зейнетақы аударымдары  (БЖЗҚ 30%, яғни сомасы 757,50 тенге);

— МӘМС аутарымдары ( ӘМСҚ 40%, яғни сомасы  1010 тенге) .

Басқа елді мекендер үшін:

— ЖТС (бюджетке 10%, яғни сомасы 126 тенге);

— әлеуметтік аударымдар  (МӘСҚ  20%   , яғни сомасы 252,60 тенге);

— зейнетақы аударымдары  (БЖЗҚ 30%, яғни сомасы 378,90 тенге);

— МӘМС аутарымдары ( ӘМСҚ 40%, яғни сомасы  505,20 тенге).

БЖТ-мен жеке табыс салығы және әлеуметтік төлемдер түрінде төлемді төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ оларды қайтару Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

 

Түсіндіру жұмысы басқармасы.