Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, 2015 жылдың 30 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1129 Қаулысымен қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілерді қоспағанда, дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануды қамтамасыз етуге міндетті болатын жекелеген қызмет түрлерiнің тізбесі бекітілгендігін хабарлайды.
Жекелеген қызмет түрлерiнің тізбесі:
1.Ағаш материалдарын, құрылыс материалдарын және сантехникалық жабдықтарды көтерме саудада сату;
2.Металл бұйымдарын, су құбырын және жылыту жабдықтары мен бұйымдарын көтерме саудада сату;
3.Компьютерлерді, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамту бөлшектерін саудада сату;
4.Аудио және бейнетехниканы бөлшек саудада сату;
5.Тұрмыстық электр аспаптарын бөлшек саудада сату;
6.Жиһазды, жарықтандыру жабдықтары мен өзге де тұрмыстық керек жарақтарды бөлшек саудада сату;
7.Қонақ үйлердің көрсететін қызметтерін ұсыну;
8.Мейрамханалар және тамақ өнімдерін жеткізу бойынша қызметтер көрсету;
9.Кинофильмдер көрсету жөніндегі қызмет;
10.Шаштараздардың және сұлулық салондарының көрсететін қызметтерді ұсынуы.
Қаулы 2016 жылдың 01 қаңтарынан бастап күніне енеді.
ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті