Date of publication: 10.06.2019 17:42
Date of changing: 22.11.2019 13:59

Дивидендтер, сыйақылар, ұтыстарға салық салу тәртібі

 

 

         Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келесіні хабарлайды.

         «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI кодексінің (бұдан ары-Салық кодексі) 321-бабы 10) тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның жылдық кірісіне мынадай кірістерінің барлық түрі, соның ішінде дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар кіреді.

         Салық кодексінің 327-бабына сәйкес мыналар салық салуға жататын, дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі кіріс болып табылады:

1) осы Кодекстің 1-бабы 1-тармағының 16) тармақшасында айқындалған, төленген (төлуге жататын) дивидендтер;

2) төленген (төлуге жататын) сыйақылар;

3) төленген (төлуге жататын) ұтыстар.

«Ұтыстар» түсінігі Салық кодексінің 1-бабы 1-тармағы 72-тармақшасымен белгіленген, ұтыстар - салық төлеушілердің конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар бойынша, салымдар мен борыштық бағалы қағаздарға байланысты ұтыс ойындарын қоса алғанда, ұтыс ойындары бойынша алатын заттай және ақшалай түрдегі кірістердің кез келген түрі, сондай-ақ құмар ойында және (немесе) бәс тігуде алынған мүліктік пайда түріндегі кірістер;

         Салық кодексінің 350-бабы 1-2-тармақтарының ережелеріне сәйкес жеке табыс салығын есептеуді, ұстап қалуды және бюджетке төлеуді төлем көзінен салық агенті осы Кодекстің 321-бабының 1) - 12) және 17) тармақшаларында көрсетілген кірістер бойынша, егер мұндай кірістерді аталған салық агенті төлеуге тиіс болса (төлесе), жүзеге асырады.

     Резидент-жеке тұлғаға кіріс төлейтін мынадай тұлғалар салық агенттері деп танылады:

1) дара кәсіпкер;

2) жеке практикамен айналысатын адам;

3) заңды тұлға, оның ішінде Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент.

4) егер филиал, өкілдік қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шартқа немесе осы Кодекстің 220-бабына сәйкес тұрақты мекеме құрмаса, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға.

Төлем көзінен салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеуді салық агентi салық салуға жататын кірісті есепке жазу кезінде жүргізедi.

Жеке табыс салығының сомасы төлем көзінен салық салынатын кіріс сомасына осы Кодекстің 320-бабында белгіленген мөлшерлемелерді қолдану арқылы есептеледі.

Осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық агенті төлем көзінен салық салуға жататын кірістерден есептелген жеке табыс салығы сомасын оны ұстап қалмай өз қаражаты есебінен төлеген кезде салық агентінің төлем көзінен жеке табыс салығын ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеті орындалды деп есептеледі.

  Осылайша, төленген ұтыстар (сыйлықтар, жүлделер) заттай түрде дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі кірістерге жатады және кірісті төлейтін салық агентінің 10% мөлшерлемесі бойынша төлем көзінен жеке табыс салығын салуға жатқызылады.

        

ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті

Түсіндіру жұмыстары басқармасы