
Сыбайлас жемқорлықпен күрес жалғасуда
Мемлекет басшысы елімізде сыбайлас жемқорлық мәселесін шешу туралы қажетті шараларды қолдайтынын хабарлады.
«Өкінішке орай сыбайлас жемқорлық туралы айтсақ, ол әлі біздің қоғамның дерті болып табылады. Қазақстан осында жағдайда жаман ерекшелігімен көрінбейді, сыбайлас жемқорлық көбі мемлекеттерде бар. Онымен қалай күреседі, немесе қалай жасырындайды, ол басқа сұрақ. Біздің мемлекетімізді алсақ, сыбайлас жемқорлықпен күрес одан әрі жалғасуда, күшейтілуде. Аз уақыттан бері, мен тиісті ведомство басшысын қабылдадым, осы жұмысты жалғасуды тапсырма бердім. Жалпы айтқанда, саны мен сапасы, осылай айтуға болса, Қазақстан әлемде бірінші орындардың бірінде», - айты Тоқаев.
Мемлекеттік кірістер комитетінің жұмысында ең басты бағыты мемлекеттік кірістер органдарында әрбір сыбайлас жемқорлық көріністеріне «нөлдік» төзімділік атмосферасын құру болып табылады.
Мемлекеттік кірістер органдарында келесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар жүргізіледі («дөңгелек үстелдер», консультативтік кеңестердің отырыстары, семинарлар, радио мен теледидарда сухбат, БАҚ мақалалар).
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл мақсатында мемлекеттік қызмет көрсетулер максималді түрде автоматтандырады, соның ішінде кеден мен салық саласында және де бәрімізге мәлім болғандай, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары мен салық төлеушілер арасындағы адами байланысты болдырмау мақсатында, сыбайлас жемқорлықпен күрес көп жағдайда барлық мемлекеттік қызмет көрсету түрлерін ұсынудың цифрлық форматқа өтуіне байланысты болады.
Қаржы министрлігінің жүргізіліп жатқан жұмысының нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсетулерді электронды форматында 95 пайызға беруді 2025 жылға жоспарлануда.
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру Жоспарының «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік жобасының аясында мемлекеттік кірістер органдарында келесі ақпараттық жүйлерді енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр: экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Біріңғай терезе», блокчейн технологиясымен ҚҚС әкімшілендіру.
ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 2019 жылдың 1 тоқсанында 213 сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жүргізілген (семинарлар, жиналыстар, БАҚ мақалалар және т.б.).
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар аясында ШҚО бойынша МКД ағымдағы жылдың кезенінде ШҚО бойынша МКД жеке құрамымен және аймақтық бөлімшілермен бейнеконференцбайланыс арқылы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі мен сыбайлас-жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау туралы» атты тақырыпта 8 жиналыс ұйымдастырып, өткізілді, соның ішінде 2 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша деартаменті өкілінің қатысуымен
ШҚО бойынша МКД жеке құрамы пара алуға итермелеу мен басқа да заңсыз үстемқалырды немесе сыйлықтарды алу туралы фактілерді тікелей немесе жоғарыда турған басшыларға хабарлауына бағдарланған.
ШҚО бойынша МКД интерне-порталында:
- «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі мен сыбайлас-жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау туралы» атты тақырыпта 8 мақалалар;
- «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - біздің басты міндетіміз» 2019 жылдың 14 наурызда;
- «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - біздің жалпы ісіміз» 2019 жылдың 04 сәуірінде;
- «Мемлекеттік қызмет саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» 2019 жылдың 14 мамырда;
- «ШҚО бойынша МКД Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» 2019 жылдың 17 мамырда, жария етілді.
Сонымен қатар, ШҚО бойынша МКД сыбайлас жемқорлықты алдын-алу мен болдырмау бойынша жұмыс үнемі жүргізілуде.
ШҚО бойынша МКД мемлекеттік қызметкерлері жағынан Қазақстан Республикасының қолданылатын заңнамасын бұзғаны туралы фактілермен кездессеніз Сіздер келесі сенім телефонына хабарласуларыңызға болады: 8/7232/70-10-48.
Шығыс Қазақстан облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер
департаменті Адам ресурстары басқармасы
қызметтік тергеу бөлімінің
бас маманы С.Ғ. Куанышев