Date of publication: 06.06.2019 18:27
Date of changing: 22.11.2019 13:58

Өзбекстан Республикасында тауарлар және көлік құралдары туралы алдын ала электронды ақпараттарды ұсыну

 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Өзбекстан Республикасының кедендік аумағында болатын тауарлар мен көлік құралдарын рәсімдеу кезіндегі кедендік рәсімін оңайлату шаралары туралы» Өзбекстан Респбуликасының Министрлер Кабинетінің 2018 жылғы 25 қыркүйектегі №762 қаулысына сәйкес автотасымалдаушыларға, тауар иелері немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғаларға, Өзбекстан Республикасының кеден органдарына кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар және көлік құралдары туралы алдын ала электронды ақпаратты ұсыну мүмкіндігі берілгендігін хабарлайды.

Жоғарыда аталған тұлғалар тауарлар және көлік құралдары туралы алдын ала электронды ақпаратты Мемлекеттік кеден комитеті сайтының (www.customs.uz «Электронды қызмет» бөлімі) кеден органдарының ақпараттық жүйесіне немесе интерактивті мемлекеттік қызметтің бірыңғай порталы (https://my.gov.uz «Қызмет-Кеден бөлімі») арқылы жолдай алады.

Ақпарат Өзбекстан Республикасының кеден шекарасын автокөлік құралымен өтуден бір сағат бұрын ұсынылады.

Алдын ала электронды ақпаратта келесі ақпараттар:

- көлік құралының түрі;

- елі, атауы және тасымалдаушының мекенжайы;

- көлік құралы туралы мәлімет (көлік құралымен тасымалдау жасауды жүзеге асыру кезінде тіркеу нөмірі, тіркеу елі және сәйкестендіру нөмірі (VIN) туралы ақпарат ұсынылады (немесе шанақ нөмірі, автокөлік құралының шассиі немесе рамасы);

- тауарды жөнелтушінің елі және атауы;

- тауар алушының елі және атауы;

- тауар алушының мекенжайы және ЖСН (транзит кезінде талап етілмейді);

- атауы, брутто салмағы, тауар құны;

- 6 белгіден кем емес деңгейде тауарларды сипаттау мен оларға код белгілеудің үйлестірілген жүйесіне сәйкес тауарлар коды (транзит кезінде-рұқсат құжаттардың барлығын талап ететін тауарлар үшін);

- рұқсат құжаттары туралы ақпарат (болуы кезінде);

- Өзбекстан Республикасының кеден аумағына тауарлардың келу (жоспарланған) уақыты;

- 14.11.1975ж. ХЖТ кітапшасын қолдана отырып халықаралық жүк тасымалдау туралы Кеден Конвенциясына сәйкес ХЖТ кітапшасының нөмірі (болуы кезінде);

- инвойс (шот-фактура) және көлік жүкжөнелтпе нөмірі және күні көрсетілу қажет.

Аталған тұлғалар Өзбекстан Республикасының кеден органына кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар және көлік құралдары туралы ақпаратты уақытылы және толық ұсынуды қамтамасыз ету қажет.

 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмыс басқармасы