
Рақымшылық жүргізілуде.
Ел басының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын жүзеге асыруды жариялау шеңберінде 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап негізгі қаразды төлеген жағдайда шағын және орта бизнес субъектілері үшін өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару жолымен салықтық рақымшылықты жүргізуді тапсырды.
Сонымен қатар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңына (әрі қарай - Заң) қосымшалар енгізілді.
Заңмен шағын және орта бизнес субъектілері 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін, 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша негізгі қаразды төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару қарастырылған.
Сонымен қатар салықтық рақымшылық ірі салық төлеушілердің мониторингіне жататын, 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін (жерасты суларын, емдік балшықтарды өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушылар болып табылатын осындай пайдаланушыларды қоспағанда), жер қойнауын пайдалануды; акцизделетін өнім өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушілерге;
кәсіпкерлік қызметті, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор қызметін жүзеге асыруға байланысты түзілген салықтық берешекті қоспағанда, жеке тұлғаларға қолданылмайды.
Сонымен қатар, салықтық рақымшылық әлеуметтік төлемдер бойынша өсімпұл сомасы мен 204162 бюджеттік сыныптама коды бойынша айыппұл сомаларын есептен шығару қарастырылмаған.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 21 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген «Бересіні төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару қағидалары туралы» мемлекеттік кірістер органымен осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде салық төлеушінің дербес шоттарын жүргізу орны бойынша Бересі сомасын төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын дербес шоттан есептен шығару бойынша комиссия құрады.
Мемлекеттік кірістер органымен құрылған комиссия шешімі негізінде мемлекеттік кірістер органы есептен шығаруды өз беттерімен жүргізеді.
Күнделікті салық төлеушілердің жеке шотына бақылау жүргізіледі және негізгі қарызын төлеу кезінде, үш жұмыс күн ішінде есептен шығару бойынша шешім шығарылады.
Салық төлеушілерге қосымша әрекет етуді және шығын шығаруды қажет етпейді.
Салық төлеушілер өз қалаулары бойынша жеке шот үзіндісін алу арқылы негізгі қарыз сомасын, өсімпұл мен айыппұл мөлшерін нақтылай алады.