Date of publication: 31.05.2019 17:03
Date of changing: 24.10.2019 12:24

Жеке тұлғаларға көлік құралы  салығы бойынша

 

       Салық заңнамасының нормаларына сәйкес меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке тұлғалар көлік құралдарының салық төлеушілері болып табылады.

         Салықтық кезеңнің 31 желтоқсанынан кешіктірмейтін күн жеке тұлғалар үшін көлік құралдарына салық төлеу мерзімі болып табылады.

      1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл көлiк құралдары салығын есептеу үшін салық кезеңi болып табылады.

         Көлiк құралдарына салықты есептеу уәкілетті органның ұсынған мәліметтеріне сәйкес мемлекеттік кірістер органдарымен жүргізіледі.

         Жеке тұлғалар салық төлеуді тұрғылықты жері бойынша жүргізеді.

         Салық кодексінің 48-бабына сәйкес салық органы талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есептеуге, есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы. Талап қоюдың ескіру мерзімі бес жылды құрайды.

         Тіркелген көлік құралы туралы мәліметті анықтау үшін уәкілетті органға (тіркелген көлік құралдары туралы салық органдарына мәлімет ұсынатын), яғни ШҚО бойынша ПД ӘП-на жүгіну қажет.

         Бар берешектер бойынша ақпаратты алу және салыстыру актісін жүргізу үшін  Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша салық органына жүгінуіңізге болады.

         2018 жылдың 28 қарашасынан бастап жеке тұлғалар, жеке тұлғалардың мүлік, жер және көлік салығы (есептеу, төлеу, берешек және т.б.) жөнінде сұрақтарға жауапты жұмыс күндері сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін (дүйсенбі мен жұма аралығында) (Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті) +7-701-602-73-44  нөміріне «WhatsApp»  мессенджеріне хабарласу арқылы алуға болатындығын хабарлаймыз.

 

 

                                     ШҚО бойынша МКД Түсіндіру жұмыс басқармасы