Салық төлеушілер назарына!
Қазақстан Республикасында тері бұйымдарын таңбалау бойынша.
Табиғи теріден жасалған бұйымдарды таңбалау бойынша сыртқы экономикалық қызмет тауарлар наменклатурасына сәйкес (СЭҚ ТН) тобына жататын тері бұйымдары таңбалауды енгізу туралы пилоттық жоба келісіміне сәйкес:
№ |
Тауардың атауы |
Код СЭҚ ТН |
1 |
Қаракүзен терісінен тігілген киімдер |
4303 10 901 0 |
2 |
Кәмшат терісінен тігілген киімдер |
4303 10 902 0 |
3 |
Ақ түлкі немесе түлкі (ұрғашы) терісінен тігілген киімдер |
4303 10 903 0 |
4 |
Қоян немесе үй қояны терісінен тігілген киімдер |
4303 10 904 0 |
5 |
Жанат терісінен тігілген киімдер |
4303 10 905 0 |
6 |
Қой терісінен тігілген киімдер |
4303 10 906 0 |
7 |
Табиғи теріден тігілген басқа да киімдер |
4303 10 908 0 |
Осы тауарлар тізіміне қолғаптар мен бас киімдер немесе бөлшектері жатпайды.
Өнімде тек табиғи былғарыдан жасалынған ішкі төсеніш болған жағдайда, немесе сыртынан сырға бекітілген болса, олар да белгіленуі тиіс. Сыртқы киімнин сырткы безендирулери (манжеттер, қалтаңыздың шеті, жендер, кимнин жагасы) бар кимдер белгіленуі тиіс емес.
Тері өнімдерін таңбалау тері өнімдерін өндіретін, әкелетін және сататын кәсіпкерлік қызметке ғана қатысты. Тауарларды таңбалау талаптары келесі жағдайларда ғана:
- Үшінші мемлекеттерден тауарларды тасымалдағанда;
- Тері өнімдерін өндіргенде (тіккенде);
- Трансшекаралық сауда-саттықта (ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге/ден әкету/әкелу);
- Комиссиялық сауда-саттықта;
- Қалған тауарларды таңбалауда;
- Сатып алынған тауарларды қайтаруда БсТ;
- БсТ жоғалған және бүлінген тауарларға БсТ қолданылады.
Жеке тұлғалар тері өнімдерін сатып алғанда, таңбалау талапары қолданылмайды.
Тері бұйымдарын таңбалау – бекітілген үлгідегі тауарларға бақылау үшін (сәйкестендіру) таңбасын (БсТ) енгізу
Бекітілген құжаттамаға сәйкес тауарларды таңбалау кезінде БсТ-ны енгізудің үш тәсілі қолданылуы мүмкін:
- Тігілген* (тауарларды дайындауда астарындағы тігіске БсТ-ны тігу)
- Желімделген (затбелгіде бар бос орынға өзі жабысатын БсТ-ны жапсыру)
- Жапсырма (желкебауға немесе ілгекке бекітілетін бір реттік пломбалайтын элементі бар пластикалық аспалы БсТ)
Салық төлеушілердің назарына Қазақстан Республикасында тауарларды таңбалау енгізілген уақыттан бастап сауда айналымында тек қана бақылау белгілері бар тері бұйымдары бола алады.
Сонымен қатар, салық төлеушілерге мәлімет үшін, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz сайтында қызметі бөлімінде тері бұйымдарын таңбалау бойынша нұсқаулықтар мен заңнамаларды табуға болатынын хабарлайды.