Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі Тауар номенклатурасының 8701,8704,8705 кодтары бойынша тауар топтарына жататын көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелу кезінде «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» 018/2011 Кеден одағының Техникалық регламентінің талаптарын сақтау басты назарда.
Осы мақсатта Мемлекеттік кірістер органдары және техникалық реттеу және метрологияның өзара іс-қимылы туралы бірлескен бұйрық іске асуда. Шығыстың қақпасының бірі-«Майқапшағай» кеден бекеті мамандары техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның қызметкерлерімен ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен тауарлар түрінде орналастырылған автокөлік құралдарына бірлескен жете тексеру жүргізуді және құжаттарды тексеруді қамтамасыз етуде. Тексеріп қарау қорытындысы бойынша тексеріп қарау актілерінде Кеден одағының 018-2011 Техникалық регламентінің талаптарына декларацияланатын көлік құралдарының сәйкестігі туралы және ұсынылған құжаттарға сәйкестікті растау бойынша белгі қойылады.
ШҚО бойынша МКД «Майқапшағай» кеден бекеті қызметкерлерінің басты мақсаты-ел экономикасын арттыру.