Жеке тұлғаға тауар өткізу кезінде ЭШФ жазып беру ерекшеліктері
Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі
№ 370 бұйрығымен «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысандағы шот-фактураларды жазып беру Қағидалары» (әрі қарай – Қағидалар) және электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысандағы шот-фактуралардың нысаны бекітілгенін назарларыңызға жеткізеді.
Аталған бұйрық 10.05.2019 ж. бастап қолданысқа енгізілді және 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қағидалардың 89-тармағына сәйкес тізімге енгізілген жеке тұлғаларға тауарларды сату кезінде мынадай есептер жүзеге асырылады:
1) қолма-қол ақшамен бақылау-кассалық машинаның чегін бере отырып және (немесе) қызметті төлем терминалдары арқылы;
2) төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыру үшін арналған жабдықты (құрылғыны) пайдалану арқылы;
3) электрондық ақша немесе электрондық төлем құралдарын пайдалана отырып.
Шот-фактураларды электронды нысанда жазып беру осы Қағидалардың 90-тармағына сәйкес жүргізіледі.
Жеткізіп беруші осы Қағиданың 89-тармағында көзделген есептердің біреуін қолданатын "Алушының деректемелері" С бөлімінде көрсете отырып, тауардың әрбір түрі бойынша бір күнде барлық айналымға ЭШФ жазылып беріледі:
"Алушы" деген 17-жолда - "Жеке тұлға" (бұл жол автоматты түрде толтырылады);
"Орналасқан жерінің мекенжайы" деген 18-жолда – "Бөлшек сауда" (бұл жол автоматты түрде толтырылады);
"Алушының деректемелері" С бөлімінің "Алушының санаты" 20-жолының "I" торкөзіне – белгі қойылады.
Қажет болған жағдайда бірнеше ЭШФ жазылып берілуі мүмкін.
Жоғарыда мазмұндалғандардан жеке тұлғаға тізімге енгізілген тауарларды сату кезінде, Қағиданың 89-тармағында көзделген есептердің біреуін қолданатын Жеткізіп беруші (Сатушы) "Алушының деректемелері" С бөлімінде көрсете отырып, тауардың әрбір түрі бойынша бір күнде барлық айналымға ЭШФ жазылып беріледі және де қажет болған жағдайда бірнеше ЭШФ жазылып берілуі мүмкін.
ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті
Түсіндіру жұмыстар басқармасы