
СПОРТТА ЖАРҚЫРАҒАН ЖЕТІСТІКТЕРМЕН
2019 жылдың 16 наурызында облыстық, аудандық, қалалық басқармалардың, аймақтық департаменттердің мемлекеттік қызметкерлері мен қарулы күштерінің құрылымы арасындағы ХVII Облыстық Спартакиаданың салтанатты ашылуы өткізілді. Спартакиада жалпылық спортты насихаттауға, сонымен қатар облыстық мемлекеттік қызметкерлер арасындағы ең мықты спорттық ұжымды анықтауға бағытталған. Жарыс әрбір спорт түрінен бірнеше турлар бойынша болды.
2019 жылдың 23-24 сәуір күндері Өскемен қаласында шағын футбол бойынша жарыс өтті. Жарысқа келесі әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің 8 командасы мен 3 тобы қатысты: ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, ҚР Мемлекеттік қызмет істері бойынша ШҚО Департаменті, ШҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті, ҚР Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігі Индустриялдық даму және өндірісітік қауіпсіздік комитетінің ШҚО бойынша департаменті, ШҚО бойынша Қазынашылық департаменті, ШҚО бойынша Әділет департаменті, ШҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің аймақтық инспекциясы. Жеребидің барысында командалар 2 топқа бөлінді.
Біріншіліктің басынан бастап спорттық азарт басымдылық танытты, себебі әрбір жасақ құрмет тұғырында болу үшін атсалысты. Бірінші кездесуде біздің команда ҚР Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігі Индустриялдық даму және өндірісітік қауіпсіздік комитетінің ШҚО бойынша департаментінің командасын 4-0 есебімен жеңді. Екінші ойында біз фавориттердің бірі - ШҚО бойынша Қазынашылық департаментінің командасымен кездесіп, ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 6-2 есебімен сенімді жеңіске қол жеткізді. Үшінші ойын ҚР Мемлекеттік қызмет істері бойынша ШҚО Департаменті командасының қарсыластарымен жүргізілді. Аталған ойындағы жеңіс финалға шығуға жол ашатындықтан, ойын барысында екі команда да алға ұмтылса да, ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің шеберлігі мен жеңіске деген жігерлігі таблода 5-1 есебімен өз нәтижесін көрсетті.
Жарыс финалы алаңда өзге топтармен финалға жеңімпаз болып шыққан ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және ШҚО Әділет департаментінің командаларын кезіктірді. Екі команда да тек жеңіске бағыт алды. Күрделі тартыстың нәтижесінде бірінші тайм 1-1 есебімен тәмамдалып, екінші таймда ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы 5-2 есебімен жарқыраған жеңіске жетіп, қатарынан бесінші жыл шағын футболдан абсолютті чемпиондылығын дәлелдеді!!!
Сонымен қатар, бұл Спартакиаданың аясында 2019 жылдың 6-7 сәуірінде Өскемен қаласында әрбіреуі 4 аймақтық Департаменттен тұратын 3 топқа бөлінген командалар арасында үстел теннисінен жарыс өткізілді. Жарыстың аяқталуына дейін жеңімпаздар бойынша кызушылык сақталды. Нәтижесінде ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне біріншілікті жеңіп, Кубоктың иегері атануға мүмкіндік туды.
2019 жылдың 13-14 сәуірлерінде Өскемен қаласында өткізілген бильярд бойынша жарыста облыстың 9 командасы қатысты. Командалардың жартылай финалдық кездесулері «айқастырып айқастыра» қағидасы бойынша жүргізіліп, бірінші топтың жеңімпаздары екінші топтың екінші орны алған командаларымен және керісінше кездесті. Табанды айқастың қорытындысында ШҚО бойынша Статистика Департаменті турнирдің жеңімпазы болды, ШҚО бойынша Қазынашылық департаменті өзіне 2-орынды қамтамасыз етті, ШҚО Мемлекеттік кірістер департаменті құрметті 3-орынды иеленді.
Жыл сайын Облыстық, аудандық, қалалық басқармалардың, аймақтық департаменттердің мемлекеттік қызметкерлері мен қарулы күштерінің құрылымы арасындағы Облыстық Спартакиадасына қатыса отырып, Департамент тұрақты түрде жеңімпаздардың үштігінде болып, мемлекеттік органдардағы спорттың дамуы жоғарғы деңгей екендігін барлығына дәлелдеді.