
ҚР ҚМ МКК ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен 2019 жылдың 15 мамырында салық төлеушілер, қоғам бірлестіктерінің, «Атамекен» ШҚО Кәсіпкерлер палатасының, Салық кеңесшілері палатасының өкілдерінің қатысуымен «Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттеріндегі экспорттық бақылау мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өтті.
Осыған ұқсас іс-шара Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында 2019 жылдың 17 мамырында өткізілген.
Кіріспе сөзбен Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Е.С.Ктанов сөз сөйледі. Ол өз сөзінде жүргізіліп жатқа іс-шара, салық төлеушілерге Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінде тауарларды әкелу/әкетуді жүзеге асыру кезінде Мемлекеттік шекараны өту тәртібін түсіндіру мақсатында жүргізіліп жатқандығын айтып өтті.
Е.Ктанов «дөңгелек үстел» отырысының қатысушыларына 2019 жылдың 1 мамырынан бастап «Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал!» жалпы республикалық акциясының басталғандығын тағы да естеріне салды. Аталған акция жыл сайын жүргізіледі және 2019 жылдың 1 мамырынан 8 тамызына дейін созылады. Акция барысында күн сайын «100 күн ішінде 100 смартфон!» ойналады.
Еуразиялық экономикалық одақ кедендік шекарасымен сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына экспорттық бақылауды іске асыру мәселесі бойынша ШҚО бойынша МКД Экспорттық бақылау басқармасының басшысы Б.К.Жаманбаев сөз сөйледі.
Сөз барысында Б.Жаманбаев экспорттық бақылау қызметінің негізгі міндеттерін атады, олардың бірі экспорттық бақылауға жатқызылатын өнімдерді Еуразиялық экономикалық одақ кедендік шекарасымен сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтуге бақылау жасауды жүзеге асыру, сондай-ақ импортталатын және экспортталатын тауарларды есепке алу және талдау, Еуразиялық экономикалық одақта қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау, тауарларды өткізу, импорт/экспорт кезінде бюджетке ҚҚС түсуінің толықтығын қамтамасыз ету болып табылады.
Экпорттық бақылауға жатқызылатын өнімдерді әкелу және әкету, импорт пен экспортқа экспорттық бақылау саласында уәкілетті органмен берілетін лицензия негізінде жүзеге асырылатындығын айтты. Сонымен қатар, жекелеген тауарлардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық сауда шеңберінде өтуі кезінде оларды есепке алу мәселесіне толығырақ тоқталып өтті.
Бағдарлама бойынша бұдан әрі сөз, ШҚО бойынша Экспорттық бақылау басқармасының кеден одағы шеңберінде әкімшілендіру бөлімінің басшысы Б.К.Шайхановқа берілді. Ол өз сөзінде ЕЭО тауарлар импорты кезінде ҚҚС салық салудың ерекшеліктері туралы айтып берді.
«ҚР АШМ агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» ММ
Өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы Г.Ш. Муратова олардың лауазымды тұлғаларымен мемлекеттік шекарада олармен фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыратындығы туралы қатысушылардың назарына жеткізілді.
Отырыс барысында «Эмиль» ЖШС, сондай-ақ Кәсіпкерлер қызметкерлерінің кәсіподақ өкілдерінен түскен сұрақтарға жауаптар берілді және экспорттық бақылау мәселелерін регламенттейтін заңнама нормалары қосымша түсіндірілді.
«Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал!» акциясы бойынша буклеттер таратылды.
«Дөңгелек үстел» отырысының соңында Е.Ктанов залдағы барлық қатысушыларға семинарға белсенді қатысқандықтары және Мемлекеттік кірістер департаментімен ынтымақтастықтары үшін ризашылығын білдірді.