
Тәуекелдер дәрежесінің өлшемшарттары
Санаттау субъектісінің тәуекел дәрежесі құпия ақпарат болып табылмайтын тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары және құпия (қызметтік) ақпарат болып табылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары бойынша есептеледі және жартыжылдықта бір рет өзектендіріледі. Салық төлеушілерді (салық агенттерін) бағалау және тәуекел дәрежелері бойынша оларды кейіннен санаттарға бөлу жүргізілетін белгілер жиынтығы тәуекелдер дәрежесінің өлшемшарттары болып табылады. Тәуекелдер дәрежесінің өлшемшарттары, мыналар:
салықтық жүктемені;
бір жұмыскердің орташа айлық жалақысын;
салықтық есептілікте көрсетілетін шығыстар мен кірістер сомасын;
қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған, оның ішінде таратылған, әрекетсіз, банкрот болған тұлғалармен өзара есеп айырысуы бар салық төлеушілермен мәмілелерді;
салықтық есептілікте бірнеше салықтық кезең бойындағы залалдарды көрсетуді;
бұрын ұсынылған салықтық есептілікке бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізуді;
камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды;
арнаулы салық режимдерін қолдану құқығын беретін, осы Кодексте белгіленген көрсеткіштердің шекті мәніне бірнеше рет жақындауды;
тәуекел дәрежесін төмендетуі мүмкін өлшемшартты;
уәкілетті орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітетін өлшемшарттарды;
қосылған құн салығының асып кету сомасының анықтығын растау мақсатындағы өлшемшартты құпия емес ақпарат болып табылады. Салық төлеуші тәукел басқару жүйесінің нәтижелері бойынша қай тәуекел дәрежесіне жататыны туралы ақпаратқа Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің https://kgd.gov.kz ресми сайтынан және "Салық төлеушінің кабинеті" web-қосымшасынан табалады.
Тәукелдерді басқару жүйесінде қолданылатын құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар туралы мәліметтер, салық төлеушіге "Салық төлеушінің кабинеті" web-қосымшасына салық төлеушілерді санаттарға бөлу жүргізілетін жарты жылдықтын бірінші айының бірінші күнінен кешіктірілмей жіберіледі.
Түсіндіру жұмысы басқармасы.