
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде сыбайлас жемқорлыкқа қарсы күрес
Бүгінгі күнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жалпы мемлекеттік мәртебе берілген, сыбайлас жемқорлық белгілерін болдырмау және тыю бойынша қоғам мен саяси күштерімен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды шаралар жүргізіліп жатыр. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде (бұдан әрі-ШҚО бойынша МКД) сыбайлас жемқорлыкқа қарсы күрес ең басты приоритет болып саналады. ШҚО бойынша МКД құқық бұзушылықтарға қарсы күрес әр түрлі деңгейде талқыланып жатса, міндетті түрде оның ең басты белгісі сыбайлас жемқорлық болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы айтқанда, қоғамның қатысуымен сыбайлас жемқорлықты жеңуге бола алмайды және Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекет саясатының ең басты бағыты, осы бағыт «Қазақстан -2050» стратегиясында Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевпен анық көрсетілген.
Қазіргі таңда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заң азаматтардың құқықтарын және еркіндігін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін, сыбайлас жемқорлық белгілерінен келетін қауіп-қатерден қорғау, мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерін, лауазымды және басқада мемлекеттік функцияларын атқаратын тұлғалардың және оларға теңестірілген тұлғалардың тиімділігін қамтамасыз ететі, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен байланысы бар құқықбұзушылықтарды алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге, ашуға, оның салдарын жоюға, кінәлілерді жауапқа тарту және де негізгі қағидаттарын анықтайды, сыбайлас жемқорлықпен байланысы бар құқықбұзушылықтардың түрлерін бекітеді, жауапкершілікті көрсетеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік басқару жүйесінде маңызды ролін атқарады, орындау билигін органы болып табылады, өз құзырындағы мемлекеттің іс-әрекетерінің құқығын қамтамасыз етеді, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың, азаматтардың арасында заңдылық режимін сақтайды және де азаматтардың, ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғауын қамтамасыз етеді. Сыбайлас жемқорлық тиімді дамуын жоюға және мемлекеттік кірістер органдарының өз функцияларын орындауын әлсіздеуіне әкелу мүмкін. Сондықтан да ШҚО бойынша МКД ең басты міндеті сыбайлас жемқорлық қылмыстарды мен құқықбұзушылықтарды профилактика мен алдын-алу болып табылады.
ШҚО бойынша МКД жүргізіліп жатқан жұмысын тиімділігін арттыруын қамтамасыз етуіне жыл сайын мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлық белгілерін тыю мақсатында іс-шараларды атқару бойынша жоспар әзірленіп іске асырылады, сенім телефондар жұмыс істейді. Көрсетілген шараларды іске асырылған жағдайда мемлекеттік органдардың және қоғамнын сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді іс-қимыл жүргізуге мүмкіндік береді, азаматтардың конституциялық құқықтарын және еркіндігін қылмыстық қолсұғушылықтан қорғауын қамтамасыз етеді.
Азаматтардың назарына:
ШҚО бойынша МКД мемлекеттік қызметкерлердің жағынан өз лауазымды міндеттерін орындау барысында заңсыз әрекеттері және әрекетсіздігі туралы 70-10-48 сенім телефонға хабарласуға болады.
ШҚО бойынша МКД
АРБ қызметтік тергеу бөлімінің
бас маманы Қ.Т.Жанжигитов