Бұрын ұсынылған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішке өзгерістер енгізу тәртібі
Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті келесіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (әрі қарай – Салық кодексі) 458-бабы 1-тармағына сәйкес тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына ұсынылған салық төлеушінің салықтық есептілікті кері қайтарып алу туралы салықтық өтініші негізінде салық органдарынан кері қайтарылуға жатады.
Салық кодексінің 458-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес салық төлеуші Салық кодексінің 458-бабының 1-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда, оның ішінде осы Салық кодексінің 459-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда ұсынуға құқылы.
Салық кодексінің 458-бабы 3-тармағының 2-тармақшасына сәйкес тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті кері қайтарып алу тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізуді салық төлеуші бір мезгілде жаңа өтінішті ұсына отырып, бұрын ұсынылған өтінішті кері қайтарып алу арқылы жүргізетін ауыстыру әдістерінің бірімен жүргізіледі.
Жоғарыда мазмұндалғандардан бұрын ұсынылған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына салық төлеуші бір мезгілде жаңа өтінішті ұсына отырып, бұрын ұсынылған өтінішті кері қайтарып алу арқылы жүргізетін ауыстыру әдістерінің бірімен жүргізеді.
Сонымен бірге, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізумен бір мезгілде салық төлеушi импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларацияны ұсынуға міндетті екендігін мәлімет ретінде хабарлаймыз.
ШҚО бойынша МКД