Date of publication: 14.05.2019 16:09
Date of changing: 22.11.2019 15:06

Онлайн-БКМ кезең-кезеңімен қолдану 

 

       Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 206  бұйрығы бойынша «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» тоқсан сайын салық төлеушілер оларды жүзеге асырған кезде онлайн-бақылау-касса машиналарын   қолданатын  қызмет түрлерін ұлғайтуды қарастырады.  

      2019 жыл ішінде тоқсан сайын онлайн-БКМ қолдануға 633 қызмет түрі:

2019 жылдың 1 сәуірінен 323 қызмет түрі

2019 жылдың 1 шілдесінен 86 қызмет түрі

2019 жылдың 1 қазанынан 224 қызмет түрі өтеді.

         Осылайша, ҚР ҚМ МКК-мен 2019 жыл ішінде толық онлайн-БКМ қолдануға көшіру жүзеге асырылады.

        Онлайн-БКМ қолдану бойынша талап, қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге таратылмайтынын ескерген жөн. 

        БКМ қолдану тәртібі Салық кодексінің 166-бабымен реттеледі.

        ҚР Салық кодексінің 166-бабының 1 - тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналарын мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiлетініне назар аударамыз.

         Ақшалай есеп айырысулар кезінде бақылау-касса машиналарын қолданудан:

         1) жеке тұлғалар

         2) адвокаттар мен медиаторлар

қызметін:

         3)  патент негізінде 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін;    

         ашық сауда базарларының аумағындағы стационарлық емес сауда объектілері арқылы 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін;

         бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер  (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа) 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін;

         4) билеттерді бере отырып, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдау бойынша халыққа қызметтер көрсету бөлігіндегі;

         5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі;

         6) екінші деңгейдегі банктер босатылады.

        Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында  орналастырылған.

 

Шығыс-Қазақстан облысы  бойынша

Мемлекеттік кірістер Департаменті 

Түсіндіру жұмыс басқармасы