Электронды салық төлеуші ретінде тіркелу
Жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, оның құрылымдық бөлімшелерін электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою ерікті сипатта болады және салық органында салық төлеуші ретінде тіркеуден өткеннен кейін жүргізіледі.
Салық төлеуші тіркеу есебіне қою үшін орналасқан немесе тұрғылықты жеріндегі салық органына өзі келу тәртібімен қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті ұсынады.
Салық органы электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтініш қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде салық төлеушіге құжаттарды беру журналына қолын қойдыра отырып, электрондық цифрлық қолтаңбасын береді.
Салық төлеуші электрондық цифрлық қолтаңбаны жою немесе оны ауыстыру үшін орналасқан немесе тұрғылықты жеріндегі салық органына электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті ұсынуға мынадай:
- электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланудан бас тарту туралы шешім қабылданған;
- тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі аяқталған;
- электрондық цифрлық қолтаңбадан тұратын кілті бар контейнерлі электрондық ақпарат жеткізгіш жоғалған;
- кілті бар контейнерлі электрондық ақпарат жеткізгіш жұмыс істемейтіндей болып бүлінген жағдайларда құқылы.
Салық органы электрондық цифрлық қолтаңбаны жоюды немесе ауыстыруды электрондық цифрлық қолтаңбадан тұратын кілті бар контейнерден бас тарту немесе оны ауыстыру үшін электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтініш берілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
Салық органы салық төлеушінің салықтық өтінішінсіз электрондық цифрлық қолтаңбаны салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан алып тастаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жояды.
Түсіндіру жұмысы басқармасы.