
Бақылау-касса машиналарың қолдану туралы
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілердін назарына келесіні жеткізеді.
Салық кодексінің 166 бабының 1 тармағыңа сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналары (БКМ) мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi.
Сонымен қатар, осы баптың 1-тармағының ережесi:
1) жеке тұлғалардың;
2) адвокаттар мен медиаторлардың;
3) қызметін:
патент негізінде арнаулы салық режимiн қолдана отырып;
арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша бірыңғай жер салығын төлеу негізінде осы арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа);
4) уәкілетті органмен келісу бойынша көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша билеттерді бере отырып, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдау бойынша халыққа қызметтер көрсету бөлігіндегі;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің;
6) екінші деңгейдегі банктердің ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды.
Сонымен қатар, Салық кодексінің 166 бабы 2 тармағы 4 тармақшасы қоғамдық қала көліктерімен билеттер беру арқылы тасымалдау бойынша халыққа қызмет көрсету бөлігіне ақшалай есеп айырысуға қолданылады.
Сонымен бірге, қоғамдық қала көліктерімен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету кезінде ұзақ қолданылатын жол билеттерін сатуда БКМ қолдану бойынша мідеттері туындайды.