
Шығыс Қазақстан облысындағы бірінші жеңімпаз
«100 күн ішінде 100 смартфон!» олардың біреуін «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясына қатыса отырып, Алтай қаласының тұрғыны ұтып алды.
Қазақстанда 2019 жылдың 1 мамырынан бастап «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы басталғандығын естеріңізге саламыз.
Акция кезінде елдің әрбір тұрғыны кез келген затты сатып алу немесе ақылы қызметті қолдану кезінде смартфон ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Тек тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төленген сомаға берілетін чектерді «Таңдау» мобильдік қосымшасында тіркесе болды. Акцияға тек деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардың (Онлайн БКМ) чектері қатысады.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмыстар басқармасы