Date of publication: 13.05.2019 11:50
Date of changing: 21.10.2019 15:34

Кеден органдарымен алынған ақпараттар кімге берілуі мүмкін

 

Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасымен, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен, Қазақстан Республикасынфң кеден және басқа заңнамаларына сәйкес кеден органдарымен алынған кез келген ақпарат, кеден органдарымен оларға жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін пайдаланылады.

Осыған байланысты, Кеден органдары өздеріне ұсынылған ақпаратты, оның ішінде алдын ала ақпаратты Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, егер мұндай ақпарат көрсетілген органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен өздеріне жүктелген міндеттерді орындау және функцияларды жүзеге асыру үшін қажет болса, мынадай жағдайларда:

      1) Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарына – олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде, прокурор санкциялаған, қағаз жеткізгіштегі не электрондық құжат түріндегі уәжді сұрау салу негізінде береді. Мұндай мәліметтерді прокурор сұратқан жағдайда, санкция талап етілмейді;

      2) соттарға: олардың іс жүргізуінде жатқан істер бойынша сұрау салу негізінде;

      3) Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және бірлескен актілерде айқындалатын тәртіппен;

      4) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға – "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес;

      5) импорттаушылардың заңды мекенжайларын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген өнімнің (тауарлардың) көлемдері мен түрлері көрсетілген импорттаушылар жөніндегі ақпаратты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға береді.

Жоғарыда аталған мемлекеттік органдарымен алынған кез келген ақпарат, заңнамамен тікелей көзделген жағдайлардан басқа

Айта кету керек, жоғарыда аталған мемлекеттік органдармен алынған кез-келген ақпарат заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, жария етуге және таратуға жатпайды.

Сонымен қатар, кеден органдарынан не өзге де уәкілетті органдардан ақпаратты алған Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары, өзге де мемлекеттік органдарының немесе ұйымдарының лауазымды адамдары,  мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын құпияны (құпияларды) құрайтын ақпаратты, сондай-ақ басқа да жасырын ақпаратты жария етуге, жеке мақсаттары үшін пайдалануға, өз міндеттерін орындау кезеңінде де, оларды орындау аяқталғаннан кейін де мұндай ақпаратты таратуға құқылы емес.

 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмыс басқармасы