Date of publication: 06.05.2019 18:18
Date of changing: 22.11.2019 14:59

Бұқаралық  ақпарат құралдары және әлеуметтік желілермен жұмыс бойынша семинар

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Орталық коммуникациялар қызметінің қолдауымен аумақтық органдардың қызметкерлері үшін БАҚ және әлеуметтік желілермен жұмыс бойынша екі күндік семинар өткізді. ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Ерұлан Жамаубаев семинарға қатысушыларды бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынас орнатуға және олар арқылы тиімді PR қолдауын белсенді жүргізуге шақырды.

Описание: C:\Users\gbaykadamova\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Outlook\BKHENN70\IMG_6642 (2).JPG

Семинарларға қатысушылар көп мәлімет алды, әсіресе, жариялық технологияларын пайдалану, сондай-ақ дағдарысқа қарсы PR және медиа-психология құралдары, паблсити технологиясын қолдану  туралы белгілі PR-маман Ерлан Асқарбековтен білді. Аса бір қызығушылықпен «Халықаралық құзыреттілік академиясының» директоры Лейла Асылбекованы  тыңдады.  Ол іскерлік қарым-қатынастағы шеберлік, келіссөздер өнері және сөз сөйлеуге дайындық туралы айтты.

 

 

Журналист  Қарлығаш Жүсіпбекова, SMM маманы Булбұл Суранчиева, PR маманы Айгүл Ешмағамбетова өздерінің тәжірибелерімен алмасты, кеңестер берді, ол одан кейін жұмыста кәсіптік дағдыларын дамыту үшін көмектесері сөзсіз.

Семинардың қатысушылары ақпарат берудің бар мүмкін тәсілдерін қолдануға үйренді, материалдарды дайындаудағы қиындықтар туралы талқылады. Маңғыстау облысы бойынша МКД бас маманы Мақсат Ақмұратов аумақтық органдардың БАҚ-пен жұмыстағы өзекті мәселелерді қозғады.

Семинардың екінші күні ОКҚ алаңында өтті, онда «Чек талап ет - сыйлық ұтып ал!» науқанының басталуы бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті брифинг өткізуіне қатысты. ОКҚ мамандары баспасөз іс-шараларын - ашық және жабық форматта ұйымдастыру, теледидармен жұмыс жасау, бейне - сұхбаттасуда спикерді дайындау туралы жан-жақты тоқталды, жаңартылған ОКҚ студиясы мен «Қазмедиа орталығында» экскурсия ұйымдастырды.

Семинар аяқталғаннен кейін ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Е. Жамаубаев барлығына сертификат табыстады.

 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Түсіндіру жұмысы басқармасы