Қалай дара кәсіпкер ретінде тіркелуге болады.
Дара кәсіпкер (бірлескен дара кәсіпкерлік) ретінде мемлекеттік тіркелу үшін жеке тұлға (бірлескен дара кәсіпкерліктің уәкілетті адамы) тікелей мемлекеттік кіріс органына хабарлама "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық нысанда не өзі келіп ұсыну тәртібімен қағаз жеткізгіште ұсынады.
Құжаттарды ұсынған күннен бастап Мемлекеттік кіріс органы бір жұмыс күні ішінде дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеуді жүргізеді.
Дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу кезiнде, салық заңдылығына сәйкес төмендегі режимнің бірін таңдау керек:
-патент негізінде арнайы салық режимі қолданылады, егер салық кезеңіне кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 3 528 еселенген мөлшерінен аспаса;
-оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимі қолданылады, егер салық кезеңіне кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 24 038 еселенген мөлшерінен аспаса;
-тіркелген шегерімді пайдаланумен арнайы салық режимі қолданылады, егер салық кезеңіне кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 144 184 еселенген мөлшерінен аспаса.
Түсіндіру жұмысы басқармасы.