Кеден одағы кедендік аумағына тауарларды енгізген кезде алдын-ала ақпараттандыруды қолдану
2012 жылғы 17 шілдеден бастап Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы «Кеден одағы кедендік шекарасына автомобильді көлікпен енгізілген тауарлар жайлы міндетті алдын-ала ақпараттандыруды енгізу туралы» №899 Шешіміне сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия коллегиясының 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағы кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын-ала ақпаратты ұсыну және алмасу туралы келісіміне (бұдан әрі – Келісім) байланысты, Қазақстан Республикасында Еуразиялық экономикалық одағы аумағына автомобильді көлікпен енгізілген тауарлар туралы міндетті алдын-ала ақпаратандыру енгізілген.
2013 жылғы 17 қыркүйектегі Еуразиялық экономикалық комиссия коллегиясының № 196 Шешіміне сәйкес тауарларды Еуразиялық экономикалық одағы аумағына теміржол көлігімен тасымалдау үшін міндетті алдын-ала ақпараттандыру 2014 жылғы 1 қазаннан бастап енгізілген, ал тауарларды әуе көлігімен тасымалдау үшін 2015 жылғы 01 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық комиссия коллегиясының № 158 Шешіміне сәйкес 2017 жылғы 1 сәуірде енгізілген.
Сондай-ақ, су көлігімен тасымалданатын тауарлар үшін міндетті алдын-ала ақпараттандыру 2018 жылғы 10 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық комиссия коллегиясының № 51 Шешіміне сәйкес 2018 жылғы 1 қазаннан бастап енгізіледі.
Міндетті алдын-ала ақпараттандыру Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы шекараларындағы өткізу пунктерінің өткізу қабілеттілігін арттыру мақсатында енгізіледі, сондай-ақ, уақыттың қысқаруына байланысты, келу орындарында кедендік операциялар және шекарадағы өткізу пунктіне тауарлар мен көлік құралдарының келуіне дейін бақылау объектісін таңдауға тиісті кедендік бақылау тиімді жүргізіледі.
КОК-тың осы шешімімен, келу орындарында кедендік транзит кеден рәсіміне тауарларды орналастыру үшін алдын-ала ақпарат бекітілген көлемде берілген жағдайда, берілген алдын-ала ақпарат транзиттік декларацияның электронды көшірмесі ретінде қолданылатыны қарастырылған, егер транзиттік декларация ретінде қолданылған құжаттардағы мәліметтер мен алдын-ала ақпаратта ауытқулар болмаса.
Бұндай тәртіп, СЭҚ қатысушылардың транзиттік декларацияның көшірмесін құрастыру үшін өткізу пунктінде кедендік өкілдерге (делдалдарға) жүгіну қажеттілігін болдырмайды, бұл СЭҚ қатысушылар үшін уақыттық және қаражаттық шығындарын азайтады.
Қазіргі кезде, Қазақстан Республикасы ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен мемлекеттік кірістер органдарының Web-порталы көмегімен алдын-ала ақпараттарды қабылдау ұйымдастырылған.
Алдын-ала ақпараттың мәліметтер құрамына, оның құрылымы және түріне сәйкес келмеген жағдайда, қызығушылық білдірген тұлғаға, себебін көрсете отырып алдын-ала ақпараттың қабылданбағаны туралы электронды хабарлама жіберіледі.
Берілген алдын-ала ақпаратта қателік болмаған кезде, қызығушылық білдірген тұлғаға, тасымалдың бірегей теңдестірілген нөмірі (ТБТН) бар электронды хабарлама жіберіледі.
Бір көлік құралында бірнеше тауарлар топтамасы тасымалданған жағдайда, алдын-ала ақпарат әрбір тауар топтамасына жеке берілуі тиіс. Әрбір тауар топтамасына жеке ТБТН беріледі, яғни транзиттік декларацияны құрастыру бекітілген ережесі бойынша.
Алдын-ала ақпарат ТБТН берілген күннен бастап 30 тәулік кеден органдардың мәліметтер қорында сақталады. Кедендік операцияларды жүргізу үшін, ТБТН қызығушылық білдірген тұлғамен кеден органына Web-порталдан басылып шығарылған немесе көлік құжаттарында оның нөмірі көрсетілген түрінде Еуразиялық экономикалық одағы кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының тасымалдану орнында беріледі.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының Web-порталы алдын-ала ақпараттарды (pi.customs.kz) беру үшін барлық СЭҚ қатысушыларға шектеусіз ашық. Бұның өзінде, порталға ену, әдеттегідей қолданушыны тіркеу жолымен жүзеге асырылады.
ШҚО бойынша МКД КББ ТЖББ бас маманы Чуваева О.