Date of publication: 03.05.2019 17:40
Date of changing: 22.11.2019 14:57

ҚР ҚМ МКК Шығыс Қазақстан облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті

Пресс-релиз

 

Экономикалық әлеуетті күшейту және қоршаған ортаны қалай сақтау керек?

Осындай сұрақ Шығыс Қазақстан облысы үшін әрқашанда өзекті болып табылады.

 Бір жылдай мемлекеттік кірістер органы, кәсіпорынмен түзген қалдықтар түрлерін нақты көрсетпеу нәтижесінде туындаған 301,0 млн.теңге сомасында қоршаған ортаға эмиссия төлемін қосымша есептеу мәселесі бойынша қаладағы ең ірі кәсіпорынмен сот ісін жүргізді.

Облыстық мамандандырылған прокуратурасы және ШҚО бойынша Экология департаментімен бірлескен іс-шара нәтижесінде, кәсіпорын 2015 жылдан бастап 2017 жылғы кезеңге дейін қалдықтарды орналастырғандығы үшін төмендетілген мөлшерлеме бойынша есеп берілгендігі анықталды.

 2018 жылдың маусым айында камералдық бақылау хабарламасы кәсіпорынға берілді.

 2019 жылдың мамыр айында  ШҚО сотының апелляциялық алқасы Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының әрекетін заңды деп шешті. Соттың шешімі заңды күшіне енді.

 Бүгінгі күні кәсіпорынмен 301,0  млн.теңге сомасында салықтық есептіліктің қосымша нысаны тапсырылды.