Date of publication: 03.05.2019 16:01
Date of changing: 22.11.2019 14:57

Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» заңға өзгерістер енгізу туралы

 

2019 жылғы 19 сәуірде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына (бұдан әрі - Заң) қол қойылғаның хабарлаймыз.

         Аталған заңнамалық актімен «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының заңға бөлінбейтін жүктерден немесе арнайы бейiмделген автомобильдер-цистерналармен тасымалданатын сұйық жүктерден басқа, ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті көлік құралдарының ҚР аумағы арқылы жүріп өтуіне тиым салатын өзгерістер енгізілді.

         Осыған байланысты, аталған норма күшіне енгеннен кейін бөлінетін жүктерге арнайы рұқсат беру тоқтатылатынын естеріңізге саламыз.

         Аталған норма Заң ресми жарияланған күннен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі. 2019 жылдын 23 сәуірінде «Егемен Қазақстан» газетінде № 77 (29556) және «Казахстанская правда» газетінде № 77 (28954), осы Зан ресми жарияланды.