
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, 25-ші маусымда, 2019 жылдың 2-ші тоқсанның, жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақының төлеу мерзімі екенін ескертеді.
Және, алкоголь өнімдерін көтерме және/немесе бөлшек саудада сатуға лицензияны алған тұлғалар, жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақыны, өзінің тұрған жері бойынша ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірмей тең үлестермен жыл сайын төленетінін ескертеді.
Жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақының сомасы 105434 БЖК-ға төленеді.
Егер есепті салықтық кезеңде лицензияны пайдалану кезеңі бір жылдан аз болса, төлемақы сомасы бір жылға есептелген төлемақы сомасын он екіге бөлу және бір жылда лицензия пайдаланылған (толық немесе толық емес) айлардың тиісті санына көбейту жолымен айқындалады.
Бұл ретте лицензия алу кезінде төлемақы төлеу жөніндегі міндеттеме лицензия алған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдан бастап туындайды.