Date of publication: 02.05.2019 16:11
Date of changing: 22.11.2019 14:56

Салық рақымшылығы

 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2019 жылы мемлекеттік кірістер органдарымен дербес есеп шоттарында 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша есептелген бересін өтеген жағдайда, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық жүргізіледі.

25.12.2017 жылғы Салық кодексіне 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы мен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 210-VI Заңымен енгізілген қосымша өзгерістер күшіне енді.         
        2018 жылғы 1 қазаннан 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде бюджетке төленген салық берешегі, 2018 жылғы 1 қазандағы жеке шотқа аударылған берешек сомасы салық берешегі деп танылмайды және төлемге жатпайды, сондай-ақ есептен шығарылады деп, Заң 57-1баппен толықтырылды:

        - 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шоты бойынша төленген өсімпұлдардың сомасы, сондай-ақ салық берешегінің сомасы 2018 жылдың 1 қазаннан бастап төленген күнді қоса есептеледі. Сонымен бірге, салық берешегіннің сомасы төленген жағдайда бюджетке төленетін салық және басқа да міндетті төлемдер негізінде өсімпұл сомасы есептен шығарылады;
        - Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сəйкес айыппұл сомасы салық салу саласындағы құқық бұзушылықтары үшін салық берешегі төленгені бойынша 2018 жылдың 1 қазандағы жағдайға сай салықты жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер салық төлеушінің жеке шотына беріледі.
           Сонымен қатар ерекше назар аудара кетсек, осы баптың ережелері 2018 жылғы 1 қазан жағдайына сәйкес, ірі салық төлеушілер бақылайтын салық төлеушілерге немесе акцизделетін тауарларды өндіруді жүзеге асыратын, жер қойнауын пайдалануды жүзеге асыратын салық төлеушілерге және және жеке тұлғаларға қолданылмайды (жер қойнауын пайдаланушылардан басқа, тек қана шығаруға құқығы бар жерасты сулары, емдік балшық) (жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медианы қоспағанда).

Салық рақымшылығының басынан бастап, 2019 жылдың 22 сәуір жағдайы бойынша Шығыс Қазақстан облысы бойынша 1 151 салық төлеуші 569 млн.теңге сомасында бересіні өтеді, олар бойынша 34,9 млн. теңге өсімпұл, 0,9 млн.теңге сомасында айыппұл есептен шығарылды.

    Салықтық әкімшілендіруді жақсарту үшін 2019 жылдың ақпан айынан бастап, барлық аудандық басқармаларда бересі сомаларын төлеген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдар сомаларын дербес шоттар есебінен шығаруды жүргізу бойынша Комиссия құрылды.