Date of publication: 05.01.2016 09:14
Date of changing: 21.10.2019 15:34

Бүгін ШҚО Ақпараттық орталығы баспасөз конференциясында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер департаменті басшысы Бауыржан Айнабеков сарапшылардың басым көпшілігінің пікірлерімен келіспеу мүмкін емес, өйткені осы жолы жолданған Елбасының жолдауы алға қойған мақсаттарға біздің мемлекетіміздің гүлденуінің сапалы жаңа кезеңіне жету үшін бұдан ары нақты әрекеттерге басшылық жасау болып табылады. Сондықтан, бүгінгі күннің міндеті – бизнесті дамыту үшін жағымды жағдайлар жасауды жалғастыру болып қалады, - деп атап өтті.

Баспасөз конференциясының қатысушылары салықтық және кедендік әкімшілендіру бойынша заңнамасына өзгерістер енгізілгені туралы ақпараттанды. Бюджетке түсетін түсімдерді қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік кірістер органдарымен қосымша түсім көздерін қарастыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Қосымша қорларды қарастыру бойынша 2015 жылдың 11 айында бюджетке 8072,2 млн.теңге қосымша түсім түсті.

«Бес институциялық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыру шегінде, бірқатар нормативті құқықтық актілер қабылданды. Өзгерістер жалпыға бірдей декларациялау мәселесіне, арнаулы салық режимін қолдануға (мысалы, фермерлік және шаруа қожалықтарына Салық кодексінің 448 - бабында белгіленген шарттарға сай болған жағдайда салықтарды 70% жеңілдетумен ауыл шарушылық өнімдерін өндірушілер үшін АСР қолдану құқығы берілген), инвестициялы стартегиялық жобаларды жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу, шот-фактураларды жазудың тәртібіне әсерін тигізді. Алкоголь өнімдерін көтерме және бөлшектеп сақтау және сату бойынша қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензиялық алымдар мерзімі өзгертілді. Бұрын лицензиялық алымдар мерзімі тиісті салада қызметті жүзеге асырудың бірінші жылын қоспағанда, ағымдағы жылдың 20 қаңтары болса, қазір 20 маусым.

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне өз еркімен тұру жойылады және ҚҚС бойынша куәландыру бланкісі электронды түрге көшеді.

Салық кодексінің 568 - бабына сәйкес, ҚҚС тіркеу есебіне тұру үшін ең төменгі айналым тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда  белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болған айылық есептік көрсеткіштің 3234 еселенген мөлшерін құрайды. Аталған норма 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

2016 жылдың 1 сәуірінен бастап қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұру туралы салықтық өтінішін заңды тұлға-резидентінің бірінші басшылары,  Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілділік, арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, жеке кәсіпкерлер орналасқан жері бойынша салық органына келу тәртібімен береді.

Журналистерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.