ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен 01.04.2015 жылдан 30.11.2015 жыл аралығанда өткізілген «Түбіртекті талап ет-жүлдені ұтып ал!» акциясының негізінде 23.12.2015жылы акцияның 3-ші кезеңі өткізілді. Бас жүлде ретінде «Шевролет-Авео» маркілі автокөлігі ұтысқа түсті.
Іс-шара ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ғимаратында өткізілді. Қатысушыларға ыңғайлы болу үшін, ұтыс ойыны бейнеконференц байланысы арқылы жүргізілді. Жалпы Республика бойынша ұтысқа 124 адам қатысты. Олар облыстық деңгейде жүргізілген акцияның 2 кезеңінің жеңімпаздары.
Комитеттің төрағасы Д.Ерғожиннің кіріспе сөзінен кейін, ойын барабанынан кездейсоқ таңдаумен № 03-644 нөмірлі купон алынды.Ол Өскемен қаласының тұрғыны А.К.Мусинге тиесілі болып, ойынның басты жүлдегері атанды. Сонымен қатар, 100.000.теңгеден 300.000 теңгеге дейін ақшалай жұбаныш сыйлықтары ойналды.