Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 2015 жылдың 14 желтоқсанында ШҚО бойынша МКД қызметкерлері, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен, салық төлеушілермен және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен «Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуға байланысты туған бірқатар мәселелер туралы» тақырыбында «дөңгелек үстел» мәжілісі жүргізілді. «Дөңгелек үстел» қатысушыларына ЕЭО біріңғай кедендік тарифінің мөлшерлемелері (БКТ мөлшерлемелері) мен төмендетілген мөлшерлемелерді қолдану кезінде тауарларға декларацияларды толтыру тәртібі, сонымен қатар, электронды шот-фактуралар мен тауарларға ілеспе құжаттары ретінде тауарларға декларациялардың көшірмелерін куәландыру тәртібі түсіндірілді.
ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Е.К.Жолдасбаев «Дөңгелек үстел» мәжілісін ашты және күн тәртібімен таныстырды. ШҚО бойынша МКД кедендік ресімдеу басқармасының басшысы Е.Т.Буткенов БКТ мөлшерлемелері немесе кедендік баждардың төмендетілген мөлшерлемелерін қолдану кезіндегі тауарларға декларацияларды толтырудың тәртібімен қатысушыларды таныстырып өтті. Бұдан әрі ШҚО бойынша МКД жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы К.О.Мухаметкалиев сөз сөйледі, ол өз сөзінде электронды шот-фактуралар мен тауарларға ілеспе құжаттары ретінде тауарларға декларациялардың көшірмелерін куәландыру тәртібін, сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органдарының бекітілген тұлғаларының өзара әрекеттесуінің бекітілген регламенті туралы түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, электронды шот-фактура ақпараттық жүйесінде тіркеу үшін ҰКО кілтті алу бойынша мәселелер туралы және Астана қаласының 1412 телефоны бойынша «жедел желі» тәулік бойы жұмыс жасайтындығын айтып өтті.
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларына электронды шот-фактуралар, тауарларға декларацияларды толтыру мен кедендік баждардың төмендетілген мөлшерлемелерін қолдану сұрақтар бойынша ақпаратты көрсетіп, назарларына жеткізді.«Дөңгелек үстел» жүргізу барысында қосымша кедендік ресімдеу тәртібі бойынша, тауарлардың қалдықтары бойынша куәландыруға өтінішті беру кезіндегі тексеруді жүргізу туралы ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшының орынбасары Е.Е.Сагитов және құрылымдық бөлімшелердің басшылары Е.Д. Жумажанов, Г.К.Сабралимовалармен түсіндірулер ұсынылды. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларының сұрақтарына ШҚО бойынша МКД қызметкерлерімен толық көлемде жауап берілді. Сонымен бірге, «дөңгелек үстел» қатысушыларына ҚР ҚМ МКК интернет-ресурсының ДСҰ бөлімінде барлық ақпаратты орналастыру туралы мәлімет берілді және түсіндіру сипатындағы ақпараттарды алуға болатын ШҚО бойынша МКД қызметкерлерінің байланыс телефондары 26-59-42, 24-56-41, 70-04-59, 24-57-61 берілді.