Date of publication: 15.12.2015 09:16
Date of changing: 21.10.2019 15:34

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды, 2015 жылдың 15 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республкасының Дүниежүзілік сауда ұйымына ену шегінде, кейбір тауарларға қатысты әкелінген  тауарларға төмендетілген кедендік баждар қолданылады.

         Мысалы, 2015 жылдан 2020 жыл аралығында алу тізімі 3 081 подсубпозицияны құрайды.

Кезең

Мөлшерлеме саны

Жалпы кезең

3 081

2015 жыл

1 347 / 40%

2016 жыл

1 890  (код 543)

2017 жыл

2 150  (код 260)

2018 жыл

2 556  (код 406)

2019 жыл

2 932  (код 376)

2020 жыл

3 081  (код 149)

 

2015-2016 жылдары алынған тауарларының шоғыры өте үлкен, бұл:

- Ет және тірі жануарлар (01-02 топтары);

- Қант және кондитер өнімдері (17 топ);

- Ауылшарушылық бұйымдары (03, 04, 07-12топтары және т.б.);

- Алкоголь өнімдері (22 топ);

- Фармацевтік өнімдер (30 топ);

- Химиялық сала (28-38 топ);

- Ағаш, қағаз және жиһаз (44,48,94 топ);

- Тоқыма (53-64 топ);

- Тас бұйымдары (68-71 топ);

- Металдар (73 топ);

- Жабдықтар (84-85 топ);

- Транспорт құралдары (86,87,88,89 топ)

ҚР ҚМ МКК «ЕЭО мемлекет-мүшелердің өзара сауда шегінде ауысу кезіндегі жекелеген тауарларды есепке алудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарларды кедендік ресімдеу 2 ағын бойынша қарастырылады.

1- кедендік баждар ДТҰ төмендетілген мөлшерлемесі бойынша төленген – бұндай тауарлар шартпен босатылған және оларды ЕЭО мемлекет-мүшелеріне енгізуге рұқсат етілмейді. Бұндай тауарлар бойынша салықтар мен кедендік төлемдердің айырмашылықтарына қосымша төлем қарастырылмаған;

2- кедендік баждар ЕЭО БКТ мөлшерлемесі бойынша төленген, олар сәйкесінше Одақтың тауарлары болып саналады және олардың ЕЭО елдерінің аясында ауысуы шектелмеген.

Кедендік баждардың төмендетілген мөлшерлемелерін түсіндіру және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың тауарлар декларацияларын толтыру  бойынша толық ақпаратты ҚР ҚМ МКК интернет ресурсының ДТҰ бөліміннен алуға болады. Сонымен қатар, Астана қаласының 1412 телефоны бойынша «жедел желі» тәулік бойы жұмыс жасайды.

Сонымен бірге, барлық сұрақтар бойынша 26-59-42, 24-56-41, 70-04-59, 24-57-61 телефондары бойынша хабарласуға болады.