Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» № 883 Жарлығын орындау үшін экономикалық және қаржы қылмыстарды және құқық бұзушылықтарды ескерту, айқындау, жолын кесу, ашу және тергеу міндеті мен құзіреті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне берілген.
Құқық қорғау жүйесін кезекті қайта жаңғырту кезеңі аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жанынан құрылымында құқық қорғау органының құзіреті берілген Экономикалық тергеу қызметі жұмыс істейтін Мемлекеттік кірістер комитеті құрылды.
Құрылған қызметтің негізгі бағыттары болып «көлеңкелі экономика», салық, кеден және қаржы аясындағы қылмыстар мен құқықбұзушылықтарды ескерту және тергеу болып табылады.
Экономикалық тергеу қызметімен күнделікті құқық қорғау қызметін жүзеге асыру барысында бизнеске түскен салмақты төмендету, азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеу, бизнеске және экономикалық тергеу жөніндегі күрес органдарына сенім деңгейін арттыру көзделген.
Осыған орай қызметкерлер негізсіз тексерулерді жоюға, ерекше жағдайда қылмыстық қудалауларды жүзеге асыруға, сонымен бірге бизнесті дамытуға қолайлы жағдайды қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазіргі уақытта бюджеттік қаржылармен байланысты жымқыру және басқа да қылмыстар нәтижесінде білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету және басқа да саладағы әртүрлі әлеуметтік бағдарламалардың толық көлемде орындалуы қамтамасыз етілмейді, әлеуметтік қорғалмаған тұрғындардың жіктерін мемлекеттік қолдау міндеті де шешілмейді.
Жалпы көрсетілген фактілер халықтың алдында үкіметпен өтетін әлеуметтік экономикалық қайта құруларға қарсы қауіпін тудырады.
Кірістерін салық салудан, салықты төлеуден жалтару жағдайлары орын алуын жалғастырады.
Көрсетілген құқыққа қайшы әрекеттерді жасау нәтижесінде әлеуметтік әділдік, сау бәсекелестік принципі, адал кәсіпкерлердің мүддесі айтарлықтай бұзылады.
Қылмыс жолымен келген ақшалай қаражаттарды ақшалай түрлендіру немесе мүлік алу негізінде заңдастырудың алдын алу Экономикалық тергеу қызметінің аса назарына алынған.
2015 жылғы 1 қаңтарда жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексінің қолданысқа енуін ескере отырып, Экономикалық тергеу қызметімен сотқа дейінгі өндірісті ұйымдастырудың жаңа моделін енгізу жөнінде жұмыстар жүргізілуде.
Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының жаңа Концепциясымен Экономикалық тергеу қызметінің әзірленген штаттық құрылымы жедел-тергеу бөлімшелерін бірыңғай біріктіруді көздейді.
Экономикалық тергеу қызметіне қойылған талаптарға сәйкес білікті қызметкерлер жұмысқа қабылданған.
Сонымен, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті Экономикалық тергеу қызметінің өндірісінде сотқа дейінгі 1078 материал болды, оның ішінде осы органмен 730 іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Құқықбұзушылықтың көптеген саны жалған кәсіпкерлік, салық төлеуден жалтару, алаяқтық, жалған ақша фактілері орын алады. 379 іс бойынша тергеу амалдары аяқталды.
Есептік кезеңде ақшалай қаражаттарды заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыруға қатысқан 3 тұлға ұсталды. Сомасы 200 млн. теңгеге шот-фактураларды жазып беру және іске асыру кезінде «КаzAgroExpоrt» ЖШС қаржы директоры Р.Рақышев ұсталды, аталған азаматтың мүлкі тәркіленіп, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жедел-тергеу жолымен жалған кәсіпкерлікті 3 жыл бойы құрып келген ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі әшкереленді.
Жалған ақша және контрафактык шырын өнімдерді дайындау сияқты саладағы жасырын цехтардың қызметінің жолы кесілді.
Бүгінгі таңда Экономикалық тергеу қызметі өзінің негізгі басым басымдықтары ретінде заңсыз кірістерді, елдің бюджетін толтыруды, заңды айналымға ақшалай қаражаттарды қайтаруды «көлеңкеден» шығару жөнінде нақты шаралар қолдануды қойды.
Қылмыстар мен құқықбұзушылықтар туралы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің кезекші бөліміне мына байланыс телефондары 8 (7232) 24-57-11, 8 (7232) 26-79-81 және сенім телефоны 8 (7232) 24-06-05 арқылы хабарлауға немесе azamat.kilybaev@customs.kz электрондық адресіне, не болмаса Өскемен қаласы Новаторов көшесі 7/2 мекен-жайына келіп жеке жүгінуге болады.
Сонымен қатар азаматтар Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің аудандық, қалалық Мемлекеттік кірістер басқармасы арқылы қылмыстық құқықбұзушылықтар туралы арыздары мен хабарламаларын бере алады.
Арыз үлгілері ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің сайтына қойылған және Департаменттің, ШҚО бойынша МКД қалалық, аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының әкімшілік ғимараттарының қабырғаларына ілінген.
ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Экономикалық тергеу қызметі