Date of publication: 29.10.2015 10:53
Date of changing: 21.10.2019 15:34

2015 жылдың 22-23 қазанында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен Өскемен, Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ғимараттарында  «Қазақтелеком» АҚ, ЦТО - «Форт Штрит» ЖШС, ЖШС «Kasscentre», ЖШС  «РЭМ», ЖШС  "Семинформ" өкілдерінің қатысуымен шағын және орта бизнестегі бензиндi, дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткiзудi Өскемен, Семей қалалар, Глубокое, Ұлан, Бородулиха, Бесқарағай аудандар аумағында жүзеге асыратын салық төлеушілермен  семинар-жиындар өткізілді.

Семинар-жиналыста  РТРК «Казахстан-Өскемен», ТВК-6 , "Казахстан- Семей" телеканалдар, "Спектр", Вести Семей", "Наше дело" газеттердін, яғни бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де қатысты.

Семинар кеңестің бекітілген  күн тәртібіндегі мәселелеріне сәйкес  банкрот және оңалту сұрақтар, жекелеген қызмет түрлерін көрсететін сұрақтар, салық төлеуші ақшалай есеп айырысулар арқылы сауда операциялары кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануға көшуі жөнінде, электронды шот-фактуралар туралы және басқа  сұрақтармен  ШҚО бойынша  МКД құрылымдық  бөлімше басшылары өз баяндамалырында  айтып өтті.

Өз кезегінде борыштармен жұмыс жасау  басқармасының басшысы  Калжанов С.А. «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Занымен қарастырылған лауазымды адамдардың субсидиарлық жауаптылықтар бойынша, яғни олардың борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру үшін немесе кәсіпорының банкроттығы туралы iстi жүргiзу уақтылы қозғауды (6 айда) шаралар қабылдамаған жағдайда, сондай-ақ есепке алу құжаттамасын жасыру, жою үшін сұрақтарға тоқталды. Кәсіпорынды әдейi және жалған банкроттық үшiн әкелу жағдайда Занңын 6 бабына сәйкес борышкердiң құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) лауазымды адамдары дәрменсiз борышкердің кредиторлары алдында өзiне тиесiлi мүлiкпен субсидиарлық жауаптылықта болады, атап өтті. 

Басқарма басшысы оңалту рәсімдер бойынша және әдейi, жалған банкроттық үшін жауаптылық сұрақтарға тоқталды. Осы бағытта қысқаша жұмыс қортындылар туралы ақпаратты жетқізіп, сонымен бірге 100 нақты қадам Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңға енгізуге ұсынылып отырған еңгізулер мен толықтыруларды атап айтты.

Акциздерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы Рыспаев А.Б. 2011 жылғы 20 шілдедегі №463- IV ЗРК «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңына сәйкес  мұнай өнімдерін өткізуді және (немесе) жөнелтуді міндетте түрде есепке алатын бақылау аспаптары арқылы мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының 2016 жылғы 1 қантарынан бастап  және жанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) 2017 жылғы 1 қантарынан бастап өтуі қажеттілігімен салық төлеушілерді таныстырды.

Сонымен қатар, «Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының және жанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) резервуарларын есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру бойынша қағидалар және талаптар» №484 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 2015 жылы 27 маусымда бекітілгенін атап өтті.

Семинар барысында  салық заңнамасын түсіндіру бөлімінің басшысы Г.Сабралимова  өз баяндамасында  тағыда салық төлеушілерге салық заңдылығының нормаларының  2015 жылғы 1 шілдеден бастап салық төлеушілердің міндеттері бойынша қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушіні қоспағанда, бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын салық төлеуші ақшалай есеп айырысулар арқылы сауда операциялары кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануға түсіндірілді.

 Осыған орай сауда операциялары кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану үшін  тіркелу тәртібі мен  негізгі  принциптері түсіндіріліп өтті. Салық занңамасымен бекітілген БКМ қолдану тәртібін бұзғаны үшін, соның ішінде  ҚР аумағындағы ақшалай есеп айырысулар арқылы жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде  БКМ қолданбауы үшін ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің ережелеріне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке  әкеліп соқтыратындығы жеткізілді.

ҚР Өкіметімен  бекітілген қызметтің жекелеген түрін жүзеге асыратын  жеке кәсіпкерлермен  заңды тұлғалар үшін  сауда операциялары кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне  енгізілетіні жеткізілді.

Осы тұрғыда, салық төлеушілердің назарын, сауда операциялары кезінде деректерді тіркеу  функциясы бар  жаңа БКМ қолданудың  әлеуметтік тиімді жақтарына аударып, болашақта әкімшілік шара  қолданбас үшін  жаңа БКМ көшу керектігіне тоқталды.

Сонымен қатар, бөлім басшысы электронды шот -фактураның тиімді жақтарына жан-жақты тоқталып, ақпараттық жүйе қызметі жөнінде және тіркелу тәртібі туралы кеңінен түсініктеме беріп өтті. 

Сонымен бірге, 100 нақты қадам -«Ұлт жоспарын» іске асыру шенберінде салық заңнамасына ұсынылып отырған негізгі еңгізулер мен толықтырулар, жеке тұлғалардың табыстар мен мүлкіне декларациялау сұрақтар жөнінде, мүлікті заңдастыру сұрақтар бойынша жасалыңған Заң жобалар және кәзіргі кезде ҚР Парламентінің Сенаттың қарауында бар туралы айтылып өтті.

Сондай-ақ, бөлім басшысы осы ұсынылған жана өзгерістер мен толықтырулар салық саясатын одан әрі жетілдіру тұрақты дамуға, бизнесті кеңейтуге жане елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына қарастырылғаның салық төлеушілердің назарына жетқізді.

Семинар барысында  банкротқа және оңалту процедурасына, бақылау  есеп приборы туралы, жаңа БКМ қолдану, POS-терминалға  қатысты  сұрақтар қойылып, жауаптар қайтарылды.

Сондай-ақ  ЦТО, «Қазақтелеком» АҚ –ның өкілдері  бекітілген тарифтер мен абоненттік қызмет көрсету тәртібі туралы  жаңа БКМ  бағасы туралы мәлімет берді.

Қосымша түскен барлық  сұрақтарға  ШҚО МКД-нің  құрылымдық басшылары тарапынан толық көлемде жауаптар қайтарылды. 

 

 

ШҚО бойынша МКД