Date of publication: 27.10.2015 10:06
Date of changing: 21.10.2019 15:34

Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық департаменті тұрғындардың назарыңа, ҚР «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына   (ары қарай - Заң) сәйкес, 2014жылдың 1қыркүйегінен бастап Республика бойынша  мүлік пен капиталды жария ету басталғаны туралы бірнеше рет жеткізілген.

Бұқаралық ақпарат құралдары, ғалам тор ресурстары, жергілікті теледидар каналдары, жүгіртпе жолдар, радио және хабарларды жеткізудің басқа да көздері арқылы мүлік пен капиталды жария ету мерзімдері, тиімділігі, тәртібі туралы ақпараттар беріледі.

  Жария ету бойынша акцияның аяқталуына санаулы күндер қалғанына байланысты (құжаттарды тапсыру 2015жылдың 30 қарашасына дейін және 2015ж. 31 желтоқсанында аяқталады),  Заңның негізгі қағидалары және ерекшеліктері туралы естеріңізге саламыз.

 Мүлікті жария ету - табыстарды жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген не тиісті емес тұлғаға ресімделген мүлікке құқықтарды мемлекеттің тану рәсімі.

Аталған  Заңда жария етуге жататын мүлік тізімі көрсетілген. Оларға: ақша,  бағалы қағаздар,заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі,  құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес келетін Қазақстан аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар), және Қазақстан аумағынан тыс орналасқан мүлік пен капитал.   

Жеке адамға, өзге де құқықтары мен бостандықтарына, мемлекетке қарсы қылмыстар жасау нәтижесінде,  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар, жалған ақша мен бағалы қағаздар жасау және өткiзу, жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу  нәтижесiнде алынған мүлік жария етуге жатпайды.

Сондай-ақ, құрылысытар, ғимараттарды жария етудің бір шарты болып -  тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келуі.

Жария етілетін мүліктің түріне байланысты Заңмен қарастырылған құжаттар тізімі, сәйкес Комиссияға табыс етіледі:

- Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлiк бойынша (ақшадан басқа) - жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша салық органына;

- Қазақстан Республикасының аумағында тұрған мүлiк бойынша (ақшадан басқа) - мұндай мүліктің тұрған жері бойынша комиссияға өтініш тапсырылатын жылжымайтын мүлікті жария ету жағдайларын қоспағанда, жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша комиссияға ұсынады;

- ақша қаражаттары бойынша – екiншi деңгейдегi банктерге және  Ұлттық пошта операторына  ұсынады.

 

ҚР аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлікті жария ету, Заңмен қарастырылған мүлiктi жария ету субъектілерімен салық органына мүлiктi жария етудi өткiзуге арналған өтiнiштi, өтінішті берген кезде түпнұсқасын көрсету арқылы жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн және Заңда көзделген жағдайларда өзге де құжаттарды тапсыруы арқылы өткiзіледi.

Шетел тілінде ресімделген құжаттар нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса ұсынылуға тиіс

Жария ету субъектілері, жеке жағдайларды қоспағанда, мүлікті жария ету мерзiмi iшiнде сол бір мүлікті жария етуге қайтадан өтiнiш беруге құқылы емес.

Өтінішті комиссия, салық органы өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.

Заңда белгіленген талаптар сақталған жағдайда, салық органы белгіленген мерзімде:

1) мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету туралы шешiм шығарады;

2) жария ету субъектісіне мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету туралы шешiмдi бередi;

3) жария етілген мүлiктiң тiзілiмiне мәлiметтердi енгiзедi.

Мүлiк салық органының жария ету туралы шешім шығарған күнінен бастап жария етілдi деп есептеледі.

Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлiктi жария ететін жария ету субъектілері салық органына айқындалған құжаттар тiзбесiне қосымша мынадай құжаттарды:

1) Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлiк және шет мемлекетте тіркелген заңды тұлғалардағы қатысу үлесі бойынша - осындай мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесiн;

2) эмитенттерi шет мемлекетте тіркелген бағалы қағаздар бойынша - бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алудың тиiстi жүйесiндегi жеке шоттан үзiндi көшірменi не резидентi бағалы қағаздардың эмитентi болып табылатын мемлекеттiң заңнамасында белгіленген, осы бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын өзге де құжатты;

3) мүліктің сатып алу құнын немесе бағалау құнын растайтын құжатты ұсынады.

Бұл ретте, егер мүліктің құны шетел валютасында көрсетілсе, онда мұндай құн Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен, өтініш берілген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша қайта есептеледі;

4) алымды төлегенін растайтын құжатты ұсынады, өйткені, ҚР аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлікті жария етуеде, мүліктің сатып алу құнының немесе бағалау құнының он пайызы мөлшерінде тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына алым (206110 БЖК) төленеді.

Жария етілетін мүлік бойынша табыс етілетін мәліметтердің толықтығына және шыңайлығына жауапкершілік жария ету субъектілеріне тартылады.

 

Сонымен қатар, аталған Жарнаның оң жақтары және артықшылықтары бар:

- жария етілген ақша және мүлік салық салу мақсаттары үшін  табыс болып табылмайды, сәйкесінше, табыс салығы салынбайды;

- ҚР аумағында орналасқан мүліктерді заңдастыруын рәсімдеуде бірнеше мекемелерге жүгіну қажет емес, өйткені, Комиссия құрамына жергілікті орындаушы органдардың (әкімдіктердің), салық органдарының, сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары бойынша уәкілетті органдардың,  өрт сөндіру, санитарлық – эпидемиологиялық тексеру және бақылау, қоршаған ортаны қорғау органдарының, жылжымайтын мүлікке мәмілелерге құқықтарды тіркеуді іске асыратын басқа да мемлекеттік органдардың  лауазымды тұлғалары, сондай-ақ, сәулет және қала құрылысы саласында инжинирингтік қызметтерді іске асыру құқығына аттестаты бар жеке тұлғалар кіреді (комиссияның оң шешімін алған азаматтар объектіні тіркеу үшін ТҚҚО жүгіну қажет, сонымен қоса, жылжымайтын мүлікке техникалық құжатты жасатуға және объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігіне техникалық тексеруді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшының қорытындысына шығындар жария ету субъектілеріне жүктеледі (ҚР аумағындағы объектілер үшін);

- ҚР аумағындағы объектілер жапмя ету ушін алым төленбейді;

- жария ету процессінде мемлекеттік органдармен және лауазымды тұлғалармен алынған мәліметтер қылмыстық немесе әкімшілік тәртіппен қуғындау үшін қолданылмайтындығына кепілдікті қамтамасыз етеді;

- ҚР Қылмыс Кодексінің, әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің жеке баптары бойынша жауапкершіліктен босатады.

Осылайша, азаматтарда өз жинақтарын көлеңкеден шығарып, жасырын мүлікті заңды айналымға өз еріктерімен қайтаруға мүмкіндік туды.

Мемлекетпен берілген бірегей мүмкіндікті пайдаланып, Сіздерді, тіркелмеген объектілер болған жағдайда, соның ішінде шет елдерде,   өткізіліп жатқан кампания шеңберінде ҚР заңдылығына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықты заңдастыруға шақырамыз.