Date of publication: 28.09.2018 12:48
Date of changing: 21.10.2019 15:34

«Мемлекеттік кірістер органдары қызметінің ең үздік PR стратегиясы» республикалық конкурсын өткізуді ұйымдастыруға қатысты

 

«Мемлекеттік кірістер органдары қызметінің ең үздік PR стратегиясы» республикалық конкурсын өткізу туралы мәліметті назарларыңызға жеткіземіз. Аталған іс-шара бойынша №435 бұйрық 2018 жылы 24 қыркүйекте бекітілген және  https://kgd.gov.kz/ru/content/normativnye-pravovye-akty интернет ресурсына орналастырылды.

Мемлекеттік кірістер органдары (әрі қарай-МКО) қызметін жетілдіру және имиджин көтеру, қызметкерлердің әлеуетін іске асыру және
ынталандыру, сондай-ақ ішкі корпоративтік коммуникацияларын  және МКО PR стратегиясын  іске асыру мақсатында, мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері арасында конкурс өткізіледі.

Барлық ұйымдастыру мәселелері бойынша Ұйымдастыру комитетінің PRkonkurs_kgd@mgd.kz электронды мекенжайына жүгінуге болады.