Date of publication: 19.10.2015 09:45
Date of changing: 21.10.2019 15:34

Құрметті салық төлеушілер!

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаметі,Сіздерге келесі мәліметтерді жеткізеді.

Салық кодексінің 568-569 баптарымен қосылған құн салығы (әрі қарай - ҚҚС) бойынша тіркеу есебіне қою тәртібі қарастырылған, ерікті түрде  немесе міндетті түрде тіркеу есебіне қою бар.

Резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, дара кәсіпкерлер ҚҚС бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қойылуы тиіс.

Егер айналымның мөлшері күнтізбелік жыл ішінде, осы тармаққа сәйкес айқындалған ең төменгі айналым мөлшері төменгі айналым тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 30000 еселенген мөлшеріннен асып түскен жағдайда жоғарыда көрсетілген тұлғалар, ең төменгі айналымнан асып кетуі туындаған айдың аяқталған күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей орналасқан жері бойынша, салық органына келу тәртібімен ҚҚС бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті беруге міндетті. 

ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш тапсырмаған тұлға анықталған кезде, салық органы мұндай салық төлеушіні анықтаған сәттен бастап, бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлама жібереді. 

Салық төлеушi жіберілген салық органының хабарламасы бойынша ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш тапсырмаған жағдайда, хабарлама табыс етілген күннен 30 жұмыс күн өткеннен кейін, салық органы салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады.

ҚҚС бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға:

- Мемлекеттік      мекемелер;
-«резидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері;
- тұлғалар тиісінше, ойын бизнесі салығы, тіркелген салық және бірыңғай жер салығы салынатын қызмет бойынша жатпайды. 

     Резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасында қызметін филиалдар, өкілдіктер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, дара кәсіпкерлер ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою үшін табыс етілген салықтық өтінішке:

 1) салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін міндетті түрде қоса береді.

2) салық төлеушінің салық салынатын ең төмен айналымынан асып кеткендігін растайтын құжаттар көшірмесін міндетті түрде қоса береді.

Салықтөлеуші ҚҚС бойынша ерікті тіркеу есебіне қою мақсатында, ҚҚС бойынша міндетті есепке қоюға жатпайтын тұлға, орналасқан жері бойынша салық органына келу тәртібімен ҚҚС бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтiнiш беруге құқылы.

Сонымен бірге, ҚҚС бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде тұруға: 
- дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалардың; 
-  мемлекеттік      мекемелердің; 
- Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын         бейрезиденттердің; 
-  ойын бизнесі салығы және тіркелген салық салынатын қызметі бойынша; 
- резидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің құқығы жоқ.   

Айта кету керек, Салық кодексінің 569 бабының 3 тармағында қарастырылған бір немесе бірнеше жағдайлары орын алған жағыдайда салық органы салық төлеушіні ҚҚС бойынша ерікті тіркеу есебіне қоюға бас тартады.

ҚҚС төлеушi ретінде тіркеу есебіне қоюдан бас тарту туралы шешім салық төлеушiге қолын қойғызып немесе жіберу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылады. 

ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш берген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап салық төлеуші ҚҚС төлеушiлерге айналады. ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк қатаң есептілік бланкiсi, салық төлеушiні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою фактісін куәландырады.

 

 ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер   департаменті
Түсіндіру жұмыс басқармасы