Date of publication: 19.10.2015 09:43
Date of changing: 21.10.2019 15:34

2014 жылдың 29 мамырындағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартын Қырғызстан  Республикасының қолдануы бойынша өтпелі ережесіне және шарттары туралы хаттамасына сәйкес, 2014 жылдың 29 мамырындағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартына Қырғызстан  Республикасының қосылуына байланысты Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілері және Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жеке халықаралық шарттарында, Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Қырғызстан Республикасының аумағына 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін әкелінген жеке пайдалануға арналған көліктер, Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары болып саналады.

Осыған байланысты, Кеден одағының кеден заңнамаларын бұзғаны үшін ұсталып, УСҚ қойылған Қырғызстан Республикасының аумағында тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары Кеден одағының тауарлары деп танылса, осыларға қатысты кедендік бақылау толық көлемде қолданылмайды.

Сонымен қатар, «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңының 37 бабына сәйкес:

      1. Нормативтiк құқықтық актiнiң күшi оны күшiне енгiзгенге дейiн пайда болған қатынастарға қолданылмайды.

      2. Нормативтiк құқықтық актiнiң немесе оның бiр бөлiгiнiң керi күшi оның өзiнде немесе нормативтiк құқықтық актiнi күшiне енгiзу туралы актiде көзделген, сондай-ақ кейiнгiсi бұрын көзделген құқық бұзушылық үшiн жауапкершiлiктi жоятын немесе жұмсартатын жағдайлар осы баптың 1-тармағының ережелерiне кiрмейдi.

      3. Жауапкершiлiктi белгiлейтiн немесе күшейтетiн, азаматтарға жаңа мiндеттер жүктейтiн немесе олардың жағдайын нашарлататын нормативтiк құқықтық актiлердiң керi күшi болмайды деп белгіленген.

         Жоғарыда мазмұндалғанның негізінде, соңғы процессуалды шешім қабылданбаған сотқа дейінгі тергеу материалдары мен әкімшілік өндіріс аясында ұсталған автокөліктер бойынша ҚР сот органдарының шешімін орындамау деректері болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы» Кодексінің 470 бабын бұзып ұсталған жеке пайдаланатын автокөлік құралдарының иелеріне беру қолданыстағы кеден заңнамасына қайшы келмейді.