1 қазан- Халықаралық қарттар күні. Қарттар күні- мейірімді әрі жарқын мейрам. Бұл күні біз ата-аналарымызды, аталарымыз бен әжелерімізді айрықша сый-құрметке бөлейміз. Қазіргі таңда бұл мереке өте маңызды, өйткені қарт адамдардың заманауи қоғамда туындайтын әр түрлі мәселелеріне назар аудартады. Біз әрқашанда қарт адамдардың қажеттіліктері туралы, сонымен қатар, жалпы қоғамның демографиялық қартаюын есімізде сақтауымыз қажет. Сонымен қатар, қарттарымыз туралы есімізде сақтауымыз маңызды, себебі олардың көбі көмек пен қолдауға мұқтаж жандар.
Осы мереке күні Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен мемлекеттік кірістер органдарының қарт зейнеткер-қызметкерлерін шақыра отырып, мерекелі іс-шара өткізілді. Құттықтаулармен қатар, қарттарға сыйлықтар берілді. Өз кезегінде біз қарттарымызға денсаулық, ұзақ өмір және мол қуаныш тілейміз.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментімен