Date of publication: 28.09.2015 17:49
Date of changing: 21.10.2019 15:34

Салық кодексінің 256 бабының 1 тармағына сәйкес бюджетке төленетін жарнаға жатқызылуға жататын салық сомасын анықтау кезінде қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының негізгі құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды қоса алғанда, егер олар салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылса немесе пайдаланылатын болса, қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.  Салық кодексінің 256 бабы 2 тармағының 12 тармақшасымен импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда көрсетілген және осы Кодекстің 276-20-бабының 7-тармағында көзделген салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште (өтініштерде) көрсетілген импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомасына сәйкес келетін, сондай-ақ белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген салық сомасы осы баптың 1-тармағына сәйкес есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы болып табылады.

Сонымен бірге, Салық кодексінің  276 -16 бабыынң 2 тармағына сәйкес  Кеден одағына мүше-мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың импорты кезінде Қазақстан Республикасының бюджетіне белгіленген тәртіппен төленген импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомасы есептелген және (немесе) есепке жазылған шегінде есепке жатқызылады.

Лизинг шарты (келісімшарты) бойынша тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығының сомасы бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасы болып табылады, бірақ осы Кодекстің 276-8-бабының 6-тармағына сәйкес айқындалатын салық салынатын импорттың көлеміне салық кезеңі үшін келетін қосылған құн салығының сомасынан артпайды. Бұл ретте алдыңғы салық кезеңдері үшін есепке жазылған (есептелген), оның ішінде осы Кодекстің 599 және 601-баптарында белгіленген тәртіппен есепке жатқызу жолымен төленген қосылған құн салығының сомалары ағымдағы салық кезеңінде есепке жатқызылуға тиіс.

Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің лизинг алушы-салық төлеушісінің алуына жататын тауарларды (лизинг нысаналарын) Қазақстан Республикасының лизинг беруші-салық төлеушісі лизингке берген кезде, Қазақстан Республикасының лизинг беруші-салық төлеушісі есепке жатқызуға тиіс қосылған құн салығының сомасы сыйақыны есепке алмай, алынған лизингтік төлем бойынша тауарлардың (лизинг нысаналарының) құнына келетін бөлігінде айқындалады.