Date of publication: 19.08.2015 14:38
Date of changing: 21.10.2019 15:34

Тамыз айының 17- күні Абай қорық- мұражайы қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мәжіліс залында Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойына орай « Абай әлемі» атты әдеби кеш өткізді.

   

Абай мұрасын жан-жақты терең зерттеу, тану, таныту – халыққа,  келешек жас ұрпаққа насихаттау болып табылады. Сонымен қатар, Абай сынды поэзия патшалығы иесінің артына қалдырған асыл мұрасы, асыл қазынасы, ұлы сезіммен жазылған дүниелерін халық жүрегінде сақтау, таныстыру, асыл мұраларымызды қастерлеп, құрметтеуге шақыру.

   

Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Осының негізінде Абай мұрасын насихаттау мақсатында мұражай қызметкерлері қаламыздағы мекемелермен тығыз байланыс орнатып, әр-түрлі шаралар өткізіп келеді.

Кеш барысында мұражай қызметкерлері Құдайбергенова Гүлжан, Мухамадиева Самал, Елекенова Раушан Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайында мол мағлұмат беріп, мұражай баспасының өнімдерімен таныстырды. Шараға қатысушылар үлкен қызығушылық танытып, өз ризашылықтарын білдірді.

Абай мұрасы – қазақ халқының сарқылмас қазынасы, оны жан-жақты насихаттау ұлы ақын мұражайының қызметкерлерінің басты міндеті болып қала бермек.

ШҚО  бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің

 Семей қаласы бойынша МКБ