06 тамыз 2015 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Түбіртекті талап ет-жүлдені ұтып ал» акциясының кезекті 2-ші кезеңнің өткізді. Жалпы акцияға қатысқан адамдар саны-19 адам, олар акцияның 1- ші кезеңнің женімпаздары. Жеңімпаз болып № 147 купон иегері Күршім ауданың тұрғыны Пшембаев Арслан Умирбекович анықталды. Сонымен қатар ШҚО бойынша МКД басшысы Б. Айнабековтің атынан женімпазға құрмет грамотасы және бағалы сыйлық тапсырылды.

